"Ақмола облысы білім басқармасыңын Бұланды ауданы бойынша білім бөлімі Тоқтамыс ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Токтамыс отдела образования по Буландынскому району управления образования Акмолинской области

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жалпы адамзаттық құндылықтар бақытты өмірдің негізі

25.12.2020

Мерзімі: 23.11.2020ж

Тақырыбы: «Жалпы адамзаттық құндылықтар бақытты өмірдің

негізі » -атты сынып  сағаты
Мақсаты:
- оқушыларды өз болашағы бағытын айқындап, мақсат қоя білуге үйрету;
- оқушылардың өзін - өзі тәрбиелеу, өзін - өзі жетілдіру арқылы болашаққа құштарлығын дамыту;
- өнер пен шығармашылық аясында оқушыларға өзін - өзі тану бағдарламасының мәңгілік жалпыадамзаттық құндылықтар: ақиқат, сүйіспеншілік, дұрыс әрекет, ішкі тыныштық, қиянат жасамау аясында жүргізілетіндігі туралы түсінік беріп, қамқорлық жасау, көмек көрсету дағдыларын дамыта отыра, рухани адамгершілік қағидаларын өз бақыты үшін дұрыс қолдана білуге, өмірді бағалай білуге тәрбиелеу.


Түрі: сынып сағаты
Көркемдік құралдар: бес құндылық бейнеленген ағаш, үлкен етіп жазылған тақырып атауы, әуендер, түрлі түсті қағаздан жасалған гүлдер.
Амандасу:Бүгінгі «Жалпы адамзаттық құндылықтар бақытты өмірдің негізі» - сынып  сағатымызға баястаймыз.
Сара Алпысқызы Назарбаева жас ұрпақтың рухани-адамгершілік дамуы бойынша кең көлемді: «Өзін-өзі тану» білім беру бағдарламасын ұсынды. «Өзін - өзі тану» пәні – даналықтың шыңы, ол-сүйіспеншілік, ол бақыттың құпиясы, ол адамның өзін-өзі тануы, бақыт пен өмірлік табысқа жету үшін өзінің шексіз мүмкіндіктерін аша алуы. Жас ұрпақтың рухани мәдениетін арттырып, дүниетанымын қалыптастырып, рухани-адамгершілікке тәрбиелеуде «Өзін-өзі тану» пәнінің орны ерекше.

Қателігіңді түсіне білу,
Дұрыс жүріп, күтіне білу.
Үлкенді сыйлап, кішіні сүю,
Күлетін жерде жөнімен күлу.

***********************
Сабақты оқып, тәртіпті болу,
Білімді жинап, дүниені шолу.
Өзіңді - өзің тану дегенің,
Өз бойындағы мініңді жою.
«Жақсы ән-жан азығы» - демекші кезекті әнге береміз.


 «Өзін - өзі тану» пәнінің балаларға, ата - аналарға, ұстаздарға берер көмегі зор, бүкіл адамзатқа өзінің жылуын сыйлап, өмірге деген жақсы көзқарасын оятып, бір - біріне деген қарым – қатынастарын жақсартып, өмірдің дұрыс жолына бағыттайды. Өзін-өзі тану пәні рухани – адамгершілікке және отансүйгіштікке тәрбиелейді. Сонымен қатар, адамның рухани жан дүниесін байытып, ішкі жан дүниесін ашуға көп көмегін тигізіп отыр

Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа – адамгершілік - рухани тәрбие беру. «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында қазақстандықтардың ортақ тағдыры мен еліміздің бейбітшілік пен прогресс жолында дамуын анықтайтын басты құндылықтар көрініс тапқан. Халқымыздың осы мәңгі рухани құндылықтарды бағалай білуі және бүкіл өміріне ұстаным етіп алуы мемлекетіміздің шынайы қуатын, оның азаматтарының бақытты тағдырын анықтайды.

С. Алпысқызы «Өмір әдебі» атты кітабында былай деген - Бір минутқа да күмәнданбаймын: осы бір болмыстың мәңгілік сұрақтарына (Мен кіммін? Менің өмірдегі мақсатым не? Қазіргі сәтте қалайша толық өмір сүре аламын? Өзімнің ішкі «Менімді» қалай тани аламын?)-деген сұрақтарға жауап беру үшін жалпыадамзаттық құндылықтарды жаңғырту керек, өзіңнің бастауыңа оралуың қажет деген.

Негізгі бес жалпыадамзаттық құндылықтарды атап айтар болсақ: ақиқат, сүйіспеншілік, дұрыс әрекет, ішкі тыныштық, қиянат жасамау

Ақиқат өзін - өзі танудың мақсаты.
Сүйіспеншілік - өзін - өзі танудың негізін қалаушы құндылық.
Дұрыс әрекет тәжірибесі – өмір негізі.
Ішкі тыныштық және қиянат жасамау – тұлғаның үйлесімді дамуының нәтижесі.

Сүйіспеншілік тіршіліктің негізгі тірегі. Сүйіспеншілік - тіршіліктің  сәні мен мәнін келтіретін нұр әрі ең басты қуат көзі. Жарық дүниеде барша кедергі кесепатты жеңетін күш те осы сүйіспеншілік. Көңілі сүйіспеншіліктің түбіндегі әрбір тасын санап алуға болатын кәусар бұлағынан мейірін қандырған жанның рухы кемелділік көгінде қырандай қалықтап, мәңгіліктің жасыл жайлауына қанат қағады. Мұндай көңілі көктем, сезімі сел боп аққан ізгі жандар мәңгілік бақыт әлеміне қатысты сезіп – білгендерін, рухани дүниесіне жиған – терген жауһарларын жер-жаһандағы барша жанмен бөлісу үшін алып – ұшып тұрады. Осы мақсатта «мың өліп, мың тіріледі». Өлсе де, тірілсе де, жүрекжарды ұраны, басты қаруы осы сүйіспеншілік сөзі болмақ.

Жалпыадамзаттық құндылықтардың негізін қалаушы сүйіспеншілік құндылығы. Сүйіспеншілік тіршіліктің негізгі тірегі. Сүйіспеншілік - тіршіліктің  сәні мен мәнін келтіретін нұр әрі ең басты қуат көзі. Жарық дүниеде барша кедергі кесепатты жеңетін күш те осы сүйіспеншілік. Сүйіспеншілікті табиғаттан, ата-анамыздан үйренсек болады.

Ақиқат

Бір күні аспанда данышпандар жиналып адамды жасап, оны жер бетіне жібереді. Содан соң, олар адамға жер бетінде мәнді өмір сүру үшін не керек деген сұрақты талқылауға кіріседі. Бір данышпан: «адамға бақыт жіберейік»,- дейді, екіншісі «ақыл жіберейік»,- дейді. Сөйтіп адамның жер бетінде мәнді өмір сүру үшін керек жақсы қасиеттерді жіберіп жатады. Сол кезде бір данышпан ойланып:

«Ақиқатты жіберейік»,- дейді.

Ал екіншісі: «ақиқатты адамға жайдан-жай жібере салмайық, олар оны өздері іздеп тапсын, сонда ғана адам үшін ақиқаттың мәні болады», -дейді.

Данышпандар Ақиқатты біресе күннің артына, біресе айдың артына тығуды ұсынады.

Сол кезде бір данышпан: «Біз одан да Ақиқатты адамның жүрегіне тығайық, сонда тек Ар-ұждан дауысын ести білген адам ғана өз жүрегіндегі ақиқатты тани алады. » – деген екен. Ақиқат бізге тумысымыздан берілген сый екен. Ақиқат– таным теориясының негізгі категориясы, адам ойының өмір шындығымен сәйкестілігі.

Ақиқат — танушы кісінің объектіні дұрыс, дәл бейнелеуі, адам санасынан тыс және тәуелсіз күйінде, өмір сүрген қалпында көрсетуі. Ақиқат категориясы білімнің затқа сәйкес келуін ғана емес, танымдық қызмет тәсілін де сипаттайды.

Жалпыадамзаттық құндылықтарды адамның бойынан жарыққа шығару  ізгілікке апарады, яғни, мінезін өзгертуге болады. Адамның жақсылыққа ұмтылуы, ақиқатқа жүгінуі оның болмысынан ішкі жан дүниесінде бес құндылықтың бар екенінің дәлелі емес пе? Егер осы құндылықтарды ағашқа теңеп  көрсек, ағаштың тамыры – мәңгілік құндылықтар, оны ақиқатқа теңейміз. Ағашқа құятын суды, сүйіспеншілік деп алайық. Егер мәңгілік құндылықтарды, ақиқатты,сүйіспеншілікпен түсінсек, суарсақ, әрқашан әрекетіміз дұрыс болады.Яғни, ағаштың діңі түзу өседі. Әрекетіміз дұрыс болса, ішімізде тыныштық орнайды. Яғни, ағаш бүршік жарады. Ішімізде тыныштық орнаса, біз ешқашан қиянат жасамаймыз, тіпті ойламаймыз да. Яғни ағаш жемісін береді.  Ақиқат, сүйіспеншілік, дұрыс әрекет, ішкі тыныштық, қиянат жасамау -  бұл мәңгілік бес құндылық  адамның ұлтына, нәсіліне, ортасына, дініне қарамайтын, уақытпен өзгермейтін құбылыс.  Адамның руханияты мен мәдениетінің жиынтығы, яғни, ата, әжелеріміздің даналығы. Бүгінгі таңда рухани білім әлемге ауадай қажет болып тұр. Сондықтан әр адамның ақыл ойын жаңғыртып, санасын өзгерту керек, сонда әлем де жаңарып, өзгереді.

Дұрыс әрекет – жүректен шығып, сосын сөз ретінде бейнеленетін және іс жүзінде қолданылатын құндылық

Әрине, Ақиқат жолымен жүруден Дұрыс әрекет туындайды, оның қағидаты – өзіңе де, өзгеге де, табиғатқа да еш зиян келтірмеу. Ол үшін Табиғаттың, моральдың және мемлекеттің заңдылықтарын білу, құрметтеу және орындау қажет.

Өнер – өзен, жан-тәніңді шаятын,

Өнер – өріс, рухыңды жаятын.

Өнер-өмір,әлдейлейтін санаңды,

Өнер-өткел, серуендейтін саятың. – дей отырып, кезекті биге береміз.

Жалпыадамзаттық құндылықтарды ұғындырып, жақсы қасиеттерге үйрететін «Өзін-өзі тану» пәні – қазіргі қоғамғда өте керекті пән. Атынан көрініп тұрғандай, адам өзгені тану үшін, өмірді тану үшін біріншіден өзін жақсы танып білуі шарт. Біздің негізгі бағытымыз осы болмақ.

 «Өзін-өзі тану» пәні - сан қырлы,

Айтары ойы, мақсаты оның мазмұнды.

Жеке тұлға қалыптасса жан-жақты,

Болашағы болар елдің таң нұрлы

Өзін-өзі өзгені де танитын,

Мейірімділік, адалдыққа баулитын

Сездіретін жүректердің жылуын,

Шәкірттерге бұл жақсы пән тартымды.

Құрметті оқушылыр! Жалпы адамзаттық құндылықтар бақытты өмірдің негізі » -атты сынып  сағаты аяқтай келе...
­Өзгені танымас бұрын, өзгені сынамас бұрын өзімізді-өзіміз танып, жалпыадамзаттық құндылықтарды ұстанып, өзімізді рухани жаңғыртайық!

Дайындаған: Баят.Г


 


 

 

Просмотров: 2031


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст