Текст
КММ «Тоқтамыс ОМ» 23 қазан күні 10 сынып оқушыларымен «Абайла Коронавирус!» тақырыбында сынып сағаты өткізілді.
Сынып сағатының мақсаты:
Коронавирус туралы білімді дамыту және алдын алу шараларын қалыптастыру;
Инфекцияның жолдары, аурудың белгілері туралы және аурудың таралуын болдырмау, денсаулықты сақтау бойынша алдын-алу шараларын еске салу;
Оқушыларға коронавирус дегеніміз не, жаңа коронавирусты қоздыратын аурудың белгілері қандай, коронавирустың қалай жұғатындығы, инфекциядан қалай қорғану керектігі туралы толық ақпарат берілді.
Әр оқушы инфекциядан қорғану туралы жаднама алды.
10 сыныптың сынып жетекшісі:Логунова Л.А.