"Ақмола облысы білім басқармасыңын Бұланды ауданы бойынша білім бөлімі Тоқтамыс ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Токтамыс отдела образования по Буландынскому району управления образования Акмолинской области

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Отбасы менің өмірім»

16.10.2020

Тақырыбы: «Отбасы менің өмірім»

Мақсаты: Оқушылардың отбасы туралы түсініктерін кеңейту.Өз жанұясы туралы әңгімелеуге үйрету. Оқушыларды ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, өз ойын жеткізе білуге тәрбиелеу.

Түрі: Ой бөлісу.

Әдісі: «Қашықтық» шеңбері, сұрақ – жауап, пікір алысу, ой қозғау

Көрнекілігі: презентация, бейнебаян:

«Отбасы құндылығы», -Балалар, біз бүгін керемет бір ғажайып әлем туралы әңгімелесеміз. Қалай ойлайсыздар, ол әлем қандай әлем болуы мүмкін? Қане ойлап көріңдерші. Ол бір өзі кішкентай ғана шағын мемлекет.

Жауап: «Менің жанұям» ,«Отбасы».

-Ол мемлекет қандай болуы мүмкін?

Жауап: Бақытты, тату, өнерлі, үлгілі.

І. « Қашықтық» шеңбері.

Ал, ендеше оқушылар ортаға шығып, ара қашықтықты сақтап шеңберге тұрып өз жанұяларыңның жақсы бір қасиеті жайлы айтып өтіңіздер.

Отбасы — адам баласының түп қазығы, алтын ұясы. Адам баласы шыр етіп дүние есігін ашқаннан бастап сол ортаның ыстық-суығына бейімделіп, ықпалына көніп, осында ер  жетеді.

Отбасының екі тірегі — әлпештеген әке мен аялаған ана. Ата-анаға үлкенге қызмет етіп, әкеңнің еңбегін, анаңның ақ сүтін өтеу — біздің борышымыз. Ата — ана — отбасының негізгі діңгегі, бастапқы дәнекері. Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады. Әке туралы айтсақ, әке отбасының асыраушысы, қамқоршысы. Ана — отбасының ұйтқысы, жылуы, шуағы.

 

Бұл мемлекет қандай болуы керек?

 

Сұрақтар:
1. Отбасы дегенді қалай түсінесіңдер?

2. Отбасының басшысы кім?
3. Отбасы қандай болуы керек?
4. Барлық отбасы бірдей болады деп ойлайсыңдар ма?
5. Сен қандай отбасын армандайсың?
5. Өз отбасыңа көңілің тола ма?
7. Отбасын неліктен жақсы көресіңдер?

Oтбасым — менің жүрегім
Отбасым — менің тірегім
Отбасым – менің Отаным
Тек сен деп соғар жүрегім – дегендей, отбасы болашақ ұрпақ бойына адамзаттық құндылықтарды және ұлттық рухани байлықтарын сіңіретін тәрбие ошағы.
Отбасы – адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаушысы.

ІІІ кезеңіміз «Менің отбасым – менің байлығым». Бұл кезеңде

1- Отбасы туралы өлең жолдарын айтады. /Амина, Серікбол , Жазира/

2-Отбасы туралы мақал-мәтелдер айтады.

1. « Тіл өнері » - мақал - мәтелдің жалғасын табу.

  • Ананың көңілі балада, ...
  • Тәрбие басы - ...
  • Ұяда не көрсең, ...
  • Балалы үй базар, ...
  • Ата көрген оқ жонар , ...
  • ... – ананың бауыр еті, көз нұры.
  • Әке - асқар тау, ...

 

Отбасы — әр бала үшін алтын бесік. Бала отбасы аясында түлеп өседі, оңы мен солын сонда таниды. Ол отбасы жағдайында өмірдегі әр түрлі жағдайларда өзін қалай ұстауды, адамгершілік әліппесі: кішіпейіл болу, ізеттілік, сыйластық, үлкендермен және кішілермен қандай қарым — қатынаста болу керек сияқты тәжірибе жинақтайды және оны меңгереді. Отбасы – ол ең жақын адамдардың ошағы. Әрқашан отбасы мүшелерін сыйлап, құрметтеу керек.

Анаң-күнің жүрегің,

Әкең -өмір тірегің.

Сен бақытты ұлансың,

Бәрі саған қуансын.

Әжең- асыл ардағың,

Атаң- дана қорғаның

Сен бақытты ұлансың,

Бәрі саған қуансын.

Ағаң –қамқор асқарың,

Інің- мөлдір аспаның.

Сен бақытты ұлансың,

Бәрі саған қуансын

Бейнебаян «Отбасы құндылығы»

1.Бейнебаяннан не байқадыңыз?

2.Қандай тұжырымға келдіңіздер?

3. Бір сөйлеммен түйіндеңіз?

Отбасында көрген жақсы-жаман қылықтардың бәрі бала өміріне әсеретеді. Қазақ салтында отбасы тәлімі – ерекше дәстүр. Отан отбасынан басталады, – деген нақыл сөз бекер емес. Адам өзінің ұрпағынан елді сүйсіндірер ұлы істерді тыңдырса деген мақсатты нысана етеді, үміт артады. Сол нитепен жақсылыққа баулиды. Отбасы қоғамның негізгі бөлігі, ұрпақтар тарихи сабақтастығының, мәдениеттің, рухани құндылықтардың қазынасы болып саналады. Өнегелі отбасы арақсында мемлекет те өркендейді, халықтың әл-ауқаты жақсарады.

Қорытынды:

 

 

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың « Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім жақындарына, туысқандарына деген сүйіспеншілікпен басталады »,- дегендей мемлекетіміздің іргетасын қалаушы - әр отбасы - жеке мемлекет. Әке алақаны мен ана жүрегінің жылуы бар сендер тәуелсіз еліміздің тірегі болатындарыңа сенемін.

Бойларыңда от бар екен байқадым,

Жүректерде шоқ бар екен байқадым

Просмотров: 579


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст