"Ақмола облысы білім басқармасыңын Бұланды ауданы бойынша білім бөлімі Тоқтамыс ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Токтамыс отдела образования по Буландынскому району управления образования Акмолинской области

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Өзіңді тану -өмірді тану

12.03.2020

 

Сыныптан тыс іс шара:

Тақырыбы: «Өзіңді тану -өмірді тану»
 Мақсаты:   Қоғамға өзіндік орны бар, өз елінің қамын ойлайтын, үлкенге құрмет көрсетіп, кішіге қамқор бола білетін, мемлекетіміздің болашағы жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру.

Өскелең ұрпақтың өмірден өз орнын табуы үшін өз бойындағы табиғи дарыны мен қабілетінің ашыла түсуіне көмектесу.

Көрнекілігі: компьютер, проектор, презентация, үлестірме қағаздар, бейнеролик.

Өткізілу формасы: дөңгелек үстел

Жүргізілетін жұмыс түрі:

«Шаттық шеңбері»Жылы лебіз

«Өзін-өзі тану» ұғымдарын талқылау;

 «Өзін-өзі айқындау»,видеоролик көру, талқылау;

«Өзіңді-өзің тексер» «Көріп, есіңе сақта!»

«Маңыздылығын қалай,» топпен жұмыс

Ән топпен :«Дос болайық бәріміз»       

Барысы:

   Өзін-өзі тану өмір бойы жалғасып отыратын үздіксіз үдеріс.Ол адамның өзін — өзі, өзінің жан дүниесін танып білуіне, түрлі өмір белестерінен жаңылмай өтуіне көмектеседі.Жалпы-адамзаттық және ұлттық құндылықтарды жақсы меңгерген адам өмірдің мәнін терең түсіне алады.
   Алғашқы рет балалар мен жастарды жалпы адамзаттық құндылықтарға тәрбиелеу міндетін мемлекеттік деңгейде еліміздің Бірінші ханымы – «Өзін-өзі тану» жобасының авторы С.А.Назарбаева ұсынды.

  Бүгін Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың зайыбы, Қазақстан Республикасының қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасы білім беру саласының құрметті қызметкері Сара Алпысқызы Назарбаеваның туған күні(12 ақпан, 1941 жыл /78 жас)

 


 

Дәйексөзбен жұмыс:

« Адам өміріндегі ең қажетті білім- өзін-өзі тану». Б.Фонтеннель.

 

 

«Өзін-өзі айқындау»,видеоролик көру, талқылау;

 

Есте сақтау қаблетін дамыту: «Көріп, есіңе сақта!»

Балаға кемпірқосақ  суреті беріледі. Оларға қосымша сурет салынбаған қағаз беріледі. Таза параққа кемпірқосақ жеті түстен тұрған түстерді ретімен  көрген суретін салу керек. Сол салынған суретке байланысты оның көре отырып есте сақтауын анықтаймыз. 1 минут.

 

 

Кемпірқосақ жеті түстен тұрады.

Осы түстердің   әрқайсысында жақсы    ақыл кеңес бар екен.

1       Әр күнді жақсы ойлар ойлаумен бастап, бос өткізбе

2       Күні бойы өзіңді   қоршаған адамдардың бәрі туралы тек сүйіспеншілікпен және ізгілікпен ойлай жүр

3       Ұйықтар алдында бүгін қанша адамды қуанттым,жұбатқаныңды, қайырым жасағаныңды есіңе түсірг.

4       Басқалардың қажетіне жарай білуге талпын.

5       Ата-анаңның мейірім шуағын сезініп , қадірлей біл..

6       Тыныштық сақтай білуге үйрен,Нәзік үнмен биязы , мәдениетті сөйлеуге үйрен

7       «Жақсылыққа жақсылық-әр кісінің ісі, Жамандыққа жақсылық ер кісінің ісі» деген мақалды түсініп жадыңа ұста. 

 

 

 

Маңыздылығын қалай, сіздің ойыңызша, өмірде тірек болатын нәрселерді орналастырыңыз: Топпен жұмыс

1.Тыныштық пен бейбітшілік
2.Отбасы
3.Денсаулық
4.Адамгершілік
5.Тәртіп
6.Білім

7.Достар

8.Қамқорлық               

Ән топпен :«Дос болайық бәріміз»       

 

Сабақтың қорытынды сәтi.Балалар бір-бірімізге көмектесіп , сыйлап,қайырымды, кішіпейіл бала болайық. Сабақтан алған дүниелерімізді жүректе сақтап, өмірімізде қолданып жүрейік. Рахмет!                         

 

Просмотров: 562


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст