"Ақмола облысы білім басқармасыңын Бұланды ауданы бойынша білім бөлімі Тоқтамыс ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Токтамыс отдела образования по Буландынскому району управления образования Акмолинской области

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Сүйіспеншілік –жүректе»

02.03.2020

Пән: Өзін – өзі тану

Мектеп:

Мұғалімі:

Сыныбы: 3

Оқушылардың саны:

 Мерзімі:

Тақырыбы: «Сүйіспеншілік –жүректе» 

 Құндылығы: Сүйіспеншілік

 Қасиеттері: мейірімділік,шынайылық, жанашырлық.

Мақсаты:адам бойындағы махаббат сезімін, өзіне, өзгеге деген сүйіспеншілігін танып білудің маңыздылығын түсіндіре отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

  • Оқушыларды айналасындағы адамдарға риясыз қызмет жасауға үйрете отырып, мейірімділікке үйрету.
  • Оқушылардың бойындағы жанашырлық қасиеттерін дамыту.
  • Оқушыларды шынайылыққа тәрбиелеу.

Ресурстар:

(материалдар, дереккөз-дер)

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.  5Т – ережесі: Балалар ережені есімізге түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап, оқып - білуге талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік.

2.Шаттық шеңбер

«Қайырлы күн!»

Жарқырап күн де ашылады,

Айналаға нұр шашылады.

Қайырлы күн! Біз көңілді баламыз!

Қайырлы күн! Біз сүйкімді баламыз!

 

3. Ойын: «Сиқырлы пошта» ішіндегі әріптерден сүйіспеншілік сөзін құрастыру

– Неліктен сиқырлы пошта аталатындығын түсіндіріп өту (өйткені бұл пошта тек сүйіспеншілікке негізделген хаттарды ғана тасиды екен...);

– Қандай сөздерді білесіңдер?

Балалар шеңбер жасап отырады. Кестені толтырады. Қажетті сөздер:ой,білім,еңбек,өмір,алғыс,кәсіп,достық,үміт,сенім, мінез,тілек,әдеп,шабыт.

 

  1. Үй тапсырмасын тексеру. Бет 68-69 Ақ жауын \Ғрифолла Есім

Сұрақтар:

  • Жолаушылардың қиналу себебі неден?
  • Олар бір жұтым судан неліктен бас тартты?
  • «Сүйіспеншілік адамға қуат береді» дегенді қалай түсінесіңдер?
  • Өмірдегі басты нәрсе не деп ойлайсыңдар?
 

4. Сабақтың дәйексөзі.

(Оқушыларға үш рет айтқызып, дәптерге жаздырту)

Сүйіспеншілік – жүректе  \Нақыл сөз


    Сұрақтар:
 1. Сүйіспеншілік – жүректе дегенді қалай түсінесіңдер?

2. Дәйексөзден қандай ой түйдіңіз?

Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен танысады.

 

Мұғалімнің сыйы

Отбасы татулығы (аңыз әңгіме)

   Баяғыда бір үлкен отбасы өмір сүріпті. Отбасындағы адамдар саны өте көп екен, бір қауым ел болып, бірге тұрыпты. Ол отбасы ерекше екен, отбасының өзара келісімі де, татулықта өмір сүруі елді таң қалдырады. Оларда ұрыс-керіс, дау-жанжал деген атымен болмайды екен.

   Бұл отбасы жайлы патшаның құлағына да жетеді. Патша естігенінің ақ-қарасын анықтау үшін ауылға келеді. Ауыл тап-таза, барлығы да жеткілікті, тыныштық пен береке қонған. Патшаның көңілі толып, ерекше бір шаттыққа бөленеді. Сыйластығы жарасқан бақытты отбасында қариялардың орны төрде, уайым-қайғысыз, балалары бақытты, мәз-мейрам екен. Бұған патша таң-тамаша болады. Отбасының қалайша бақытты, тату-тәтті өмір сүруінің мәнісін білгісі келеді. Ол ауыл ақсақалына келіп, отбасындағы татулық пен бірлікке қалай жеткендерін айтуын өтінеді.

Қарт үнсіз ғана жүз рет «сүйіспеншілік», жүз рет «кешірім», жүз рет «бірлік» деп қағазға мұқият жазып шығады.

Үш сөзді оқыған патша таң қалып:

-осы-ақ па?

-иә, -деді ақсақал.

-барлық жақсы отбасылары тек осы қасиеттерден құралады,- деді де, сәл ойланып, «және шыдамдылық» деген сөзді қосып қойды.

-Өсиет әңгіменің мәні неде?

-Отбасын татулығын ұстап тұрған нендей қасиеттер екен?

  1. -Отбасында бақ-берекенің болуы неге байланысты?  Мейрімділік тек адамға тәнба?

 

2.Видеоролик көргендерін талдау

Аңыз-әңгімелер жинағы

5. Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс

  • Ертегі құрастыру

Әтеш пен тоты.

    Ертеде тоты мен әтеш айырылмас дос болыпты. Ол кезде тоты құс жерде өмір сүреді екен. Тотықұс бір күні әпкесінің үйіне қонаққа бармақ болады. Өзінің әдемі көйлегі болмағандықтан әтештің үстіндегі әдемі көйлегін сұрайды. Әтеш көйлегін беруге келіседі. Тотықұс қонақтан келгесін қайтаратын болады. Тотықұс әтештің әдемі көйлегін киеді. Киініп, таранып жолға дайындалады. Әтеш тотықұстан: қашан келесің? деп сұрайды. Кешікпей келемін деп жауап береді тотықұс. Кешіксең қайтемін? Деп сұрайды әтеш. Ондайда айғайлап шақыра қойсаң болғаны, лезде келемін дейді тотықұс. Тотықұс сол кеткеннен мол кетеді. Әтеш әне күтеді, міне күтеді, көйлегін киген досы келмейді. Шыдамы таусылған әтеш қораның басына шығып: Ку ка ре ку!!! Деп тотықұсты шақырады. Бірақ тотықұс келмейді. Әтеш оны әлі күнге дейін шақырады екен.

 

6. Топпен ән айту.

БАЛДЫРҒАН ӘНІ    3 б 17 3-сынып

 

Сөзі Н.Жанаевтікі

Әні Б.Дәлденбаевтікі

 

Біз балдырған баламыз,

Шырқап әнге саламыз.

Туған жердің төрінде,

Алау болып жанамыз.

 

Алау болып жанамыз,

Құлыншақ боп шабамыз.

Балапандай талпынып,

Көкке қанат қағамыз.

 

Болсын кіші бойымыз,

Биікке ұшу – ойымыз.

Біз бақытты балдырған,

Тойға ұласқан тойымыз.

 

7. Үй тапсырмасы.

Келесі сабақ. Сүйіспеншілік туралы нақыл сөз жазып келу.

 

  1. Сабақтың қорытынды сәті.   Тыныс алуға зейін қою.

Баяу музыка қойылады.

Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.

Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз..., арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады...

Д е м   а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет)немесе1..................2 [3].

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық. Рахмет!

 

 

 

Просмотров: 1659


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст