"Ақмола облысы білім басқармасыңын Бұланды ауданы бойынша білім бөлімі Тоқтамыс ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Токтамыс отдела образования по Буландынскому району управления образования Акмолинской области

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Сағаттың шығу тарихын зерттеймін

26.11.2019

Сабақ тақырыбы: /Сағаттың шығу тарихын зерттеймін\

   Сабақ мақсаты:
3.2.4.1 өз бетінше сабақтың  тақырыбын жəне мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау

3.2.5.1 түрлі дереккөздерден (мәтін, сөздік, сызба, кесте, карта) берілген  тақырып/сұрақ  бойынша алған  ақпараттарда

кездесетін жаңа сөздердің  мағынасын  сөздіктер арқылы  ашу, жүйелеу, мағлұматтардың маңызды  тұстарын  анықтау

Сабақ типі: Жаңа сабақ
Сабақ түрі: аралас сабақ
Сабақ әдісі: сұрақ - жауап, әңгімелеу, түсіндіру, салыстыру,зерттеу.
Сабақ көрнекілігі: сурет, таблица, интерактивті тақта, қосымша тапсырма.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, өзін - өзітану

Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

«Ыстық лебіз» Оқушылар шеңбер құрып, өлеңді хормен айту арқылы бір-бірлеріне сəттілік тілейді.

Қайырлы күн, досым!

Қайырлы күн болсын.

 Бүгінгі күн біз үшін

 Сəттілікке толсын!

Қызығушылықтарын ояту: Логикалық сұрақтар

  1. Теңізде қандай тас болмайды? /Құрғақ/
  2. Жел соққанда тауық бола ма? /Ық болады/
  3. Домбырада – жетеу, сырнайда – алтау, қобызда бесеу. Бұл не? /әріп/
  4. Адам тамақ пісірерде ең бірінші қазанға не салады? (көз)
  5. Әлемдегі ең үлкен алма қайда өседі?(Алма ағашында)
  6. Тарихта ең үлкен қалпақ киген кім? (Басы ең үлкен адам)
  7. Есікті ашу үшін не қажет? (Есіктің жабық болуы қажет)
  8. Ақтөбеде біреу Өскеменде жоқ, Алматыда екеу Астанада көп? Ол не? (“а” әрібі)


ІІ. Үй жұмысын пысықтау
1. Үйге берілген тапсырманы тексеру. Оқушылар сағат туралы дайындаған мәліметті тыңдау 

ІІІ. Жаңа сабақ: Тақырып не туралы деп ойлайсыңдар? Сағаттардың шығу тарихы туралы мағұлмат беру.Слайд
 

Сағатты қанша уақытты көрсеткенін не арқылы білеміз?

                                                                 Тіл

 

                                                        

ІҮ. Жаңа сабақты меңгергенін байқау:
9-жаттығу .Жұмбақты оқып шешу, сұрақтарға жауап беру.

Топпен жұмыс:  (2 минут ) суреттерді ретімен жапсыру . Бұрын уақытты қалай өлшеген?                   Қазір уақытты қалай өлшейміз?

Бұрын: Көзді  ашып жұмғанша    «1 секунд»,  Сүт пісірім уақыт   «5-10 минут», 

Ет пісірім уақыт   «2-2,5 сағат», 

Таң сәрі – жерге жарық түсе бастаған кез

Сәске түс – түске жақындаған мезгіл, сағат 12 шамасы Кеш – ымырт жабылып, қас қарайған мезгіл.

Іңір – күн батып, қас қарайған кез. 

Қазір:Секунд, минут, сағат, күн, апта, ай, жыл.....

Жеке жұмыс

10-жаттығу .Берілген сөздер тобын пайдаланып сөйлем құрастырып жаз.

(Алтын уақыт, алтын сағат)  \ Уақыт алтыннанда қымбат.Алтын уақыт-өмірің. Адам өмірңндегі ең қымбат  байлық ол-уақыт.Алтын уақытты-босқа өткізбе.\ Алтынан жасалған сағат

Суретте қай кезең бейнеленгенін шамамен анықтау,талқылау.

 Талқылауға арналған сұрақ үлгілері:

  Суретте нені көріп тұрсың? 

  Бұл қай кезеңді суреттейді деп ойлайсың? Неліктен?

  Бүгінгі күнмен салыстырғанда қандай айырмашылықтар байқадың? 

  Сурет несімен  ұнады?

 

                 

«Венн диаграмасы» арқылы  салыстыру

 

 
 
 

 

 

 

 

 

Жеке жұмыс: Суретте көрсетілген 12 әріптен 21 сөз шығарып көріңдер. Ол үшін ешқандай әріп тастамай  рет-ретімен оқи бер. (Қанша сөз тапты оқу ,қайталанған сөздерді оқымау керек)  жоқ сөздерді толықтыру, мағынасын түсіндіру.

001.jpg

 

 

 

Ү. Сабақты бекіту:
 

 Карточкамен жұмыс: Сөздердің тура және ауыспалы мағыналарын жаз.

ҮІ. Сабақты қорыту:
1.Өзін бағалау парағын толтыру


Оқушылар бір - біріне жаңа тақырып бойынша сұрақтар қояды.
2. Оқырман көзімен: Не білдік? Не үйрендік?
ҮІІ. Бағалау
ҮІІІ. Үйге тапсырма: бет 77 , 11- жаттығу. Тиісті тыныс белгілерін қойып, өлеңді көшіріп жазыңдар

 

Просмотров: 1141


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст