"Ақмола облысы білім басқармасыңын Бұланды ауданы бойынша білім бөлімі Тоқтамыс ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Токтамыс отдела образования по Буландынскому району управления образования Акмолинской области

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Зерде» интеллектуалды ойыны

26.11.2019

«Зерде» интеллектуалды ойыны

Жалпы мақсаттар: Пәндер бойынша алған білімдерін саралау, ой ұшқырлықтарын байқау,  бірлесе отырып жұмыс істей білуге және өз білімін көрсете білуге үйрету. Оқушылардың сөздік қорын молайту, дүниетанымдарын кеңейту, тіл байлығын, шығармашылық қиялын, логикалық ойлау қабілетін дамыту, өз ойын еркін жеткізе білуге және шығармашылықпен еңбек ете білуге дағдыландыру.

Негізгі идеялар Болашаққа өз үлесін қоса білетін, ізденімпаз ұрпақ етіп тәрбиелеу. Ұйымшылдыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу
Қажетті материалдар ,слайд, қима қағаздар.

Тапсырмалар
1- айналым. «Тездет, бірақ қателеспе!» 
2- айналым. «Тапқыр болсаң, талас жоқ» 
3- айналым. « Кім шапшаң?»
4- айналым. «Ұшқыр-ой»
5- айналым. «Дода»                                                                                                                                                                   6- айналым. Жұмбақтар әлемі                                                                                                                                          7-айналым .
 

Сабақтың барысы.
Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Психологиялық дайындық.

 Психологиялық дайындық:

Көп қызық бар әлемде,

Құштар бол сен білімге

Бізбен оқы, жалықпа

Білмегенді анықта.

Кіріспе сөз: бүгін біз сіздермен «Зерде» атты интеллектуалды ойынын өткіземіз.

Бәйгеге түсіп жарыспай,

Жүйріктің бағы жанар ма.

Білім мен өнер жарысып.

Тәрбие , тәлім табар мән.

Бұл бәйге ойдың бәйгесі

Кім жүйрік ойға, сол алда.

1.«Тездет, бірақ қателеспе!»
Сұрақтан қойылады. Бір сөзбен «иә» немесе «жоқ» деп жауап береді.

1) Дауыссыз дыбыстар 3 - ке бөлінеді. (Иә. Қатаң. Ұяң. Үнді)
2) Өмір сүру үшін адамға ең қажетті нәрселер: үй, киім, көлік, теледидар. (жоқ. Тамақ, ауа, су, жарық, жылу)
3) Судың 4 күйі бар. (жоқ. 3 күйі бар: қатты, сұйық, газ)
4) Көкжиектің негізгі 4 тұсы бар. (иә. Солтүстік, оңтүстік, батыс, шығыс)
5) 120 минутта 3сағат бар.(жоқ. 2сағат)

6) Қандай? Қай? Сұрақтарына жауап беретін сөздер заттың сынын, сапасын білдіреді.(иә)
7) Зат есім қандай? қай? деген сұраққа жауап береді.(жоқ. кім? не?)
8) Ұзындық өлшем бірліктері мм, см, дм, м, км.(иә)                                                                                        9) Адам денесінің тірегі бас.(жоқ. қаңқа)

 

2.«Тапқыр болсаң, талас жоқ»  кезекпен оқиды.
Шифрограмма шешу. 
 

пан – ба – ла     -балапан
тап – ха – на – кі-    кітапхана
ған – бал – дыр  -балдырған
те – ма – ка – ти – ма-    математика
ыр – шақ – қу -қуыршақ
ле – ди – те – дар.- теледидар                                                                                                                            ңім – же – паз- жеңімпаз                                                                                                                              тан – мақ – шақ- мақтаншақ                                                                                                                                сың-ай-жар-жарайсың

 

3.«Кім шапшаң?» ойыны
Ойынның шарты, мен жаңылтпаш айтамын, сол жаңылтпашты кім бірінші жазып, жаңылмай, мүдірмей қайталайды және тез айтады сол  жеңіске жетеді.

Екеуінің жасы шамалас,
Бірінің шашы қара шаш
Екіншісінің шашы ақ шаш аралас.
 

4. «Ұшқыр-ой». Сұрақ – жауап..
1 Анамыздың туыстары бізге (нағашы)

2. Қасқырдың баласы (бөлтірік )

3. Дүние жүзіндегі халық саны ең көп мемлекет (Қытай)

4. Үш жұртты ата? (өз жұртың, қайын жұртың, нағашы жұртың.)
5. Қазақша апта аттарын ата? (Дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі)
6. Төрт мезгілдіата (көктем,жаз,күз, қыс)
7. Қазақ үйдің бөліктерін ата? (Кереге, уық, есік, шаңырақ)
8. Әкеңнің әсесі саған кім болады.(ата)

9. Қазақстанға көршілес елдер (5 Ресей, Қытай,Қырғызстан, Өзбекстан,Түркіменстан)

 

5 – кезең : «Дода»

 

Бұл сайысымызда негізгі 4 пәніне сұрақтар беріледі.

Әуелі пәнді таңдайық.

 

Әдебиет

 

  1. Қазақ балаларына тұңғыш мектеп ашқан ағартушы кім? (Ы.Алтынсарин)
  2. Абай Құнанбайұлының неше қарасөзі бар? (45)
  3. Қазақ қыздарының ұзатылғанда киетін бас киім (сәукеле)
  4. Қазақтың алғаш әліппесін жазған кім?(Ахмет Байтұрсынов)
  5. 22 қыркүйек қандай күн? \Тілдер күні
  6. Қазақстанда қандай мемлекет\тәуелсіз

 

Қазақ тілі

  1. Әліппидегі алтыншы әріп қандай? Ғ
  2. «Қас пен көздің арасында» сөздің мағынасы (Тез)
  3. Мағыналары бір-біріне жақын ,айтылуы басқа сөздер (синоним)
  4. Бірде жуан, бірде жіңішке айтылатын дыбыс (У)
  5. Бармағын шайнау сөзінің мағынасы қандай?(Өкіну)
  6. Сөздің ең кіші бөлшегі не? (дыбыс)

 

Дүниетану

 

  1. Қазақстанда неше облыс бар? (14)
  2. Каспийде қандай өте ірі балық бар? (бекіре)
  3. Қазақтың тұңғыш саяхатшысы./Ш.Уалиханов/
  4. Қазақстан көлемі бойынша нешінші орында?\9
  5. .Бурабай көлі қай облыста? /Солтүстік Қазақстан
  6. Қазақстаның қазіргі президенті. \Қасым-Жомарт Тоқаев.

 

Математика

 

  1.  92 квадраты (81)
  2. 33  кубы (27).
  3. Манар 9 кітап , ал Жанар сонша кітап сатып алды ? (18 )
  4. Барлық қабырғалары тең фигура қалай аталады? /шаршы
  5. 2 тәулікте неше сағат бар? /48сағ
  6. 1 көйлек жылы ма, әлде бір көйлектің қалыңдығындай үш көйлек жылы ма? (бірдей)

 

6- Жұмбақтар әлемі

  1. Қарап тұрсаң өзіне,                                                                                                                                        Сурет түсер көзіңе.                                                                                                                                         Ол суретің ұқсайды,                                                                                                                                      Дәл қазіргі кезіңе./ Айна

 

  1. Қайыңда 50 жаңғақ өсіп тұр.                                                                                                                        Қатты соққан желден 10 жаңғақ түсіп қалды.                                                                                Қанша жаңғақ қалды?\қайыңда жаңғақ өспейді.

 

 

  1. 1 санға өсірді,                                                                                                                                                                         Өзі қалды орнында                                                                                                                                                              Бізді алға көшірді. (сынып-)
  2. Ойдың аяқталуын күтпейді,
    Оны қойсаң, сөйлем бітпейді.(Үтір)

 

  1. Төрт қызметші,
    Бір патша\үстел

 

 

  1. Бір адам құйып тұрған жаңбырдың астында қалыпты.

Үйіне келгенде үсті - басы малмандай су,

тек шашы су болмапты. Неліктен?\шашы жоқ.
 

7-айналым« Сөз ойла, тез ойла » " Қанағаттандыралмағандықтарыңыздан "



  • Ең көп ұпай жинаған оқушы жеңімпаз атанады. 
    Марапаттау. 
Просмотров: 709


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст