Сабақтың тақырыбы : «Тіл жүйрікте кім жүйрік?»
Сабақтың мақсаты:
Сабақтың мақсаты:
1.Оқушылардың Ой - өрісін кеңейтіп, логикалық ойлауды, тапқырлықты, шығармашылықты дамыту
2.Қабілетті балаларды көрсете білу.
3.Ақыл – ой тәрбиесін беру, ұйымшылдыққа, озық болуға тәрбиелеу.
.Мұғалім:– Бүгінгі біздің сайысымыз 7 кезеңнен тұрады:
1-кезең . Жасырын сөзді тап
2-кезең. Жедел жауап
3-кезең. Сөз болатын – мақал
4 –кезең. Әзіл викторина
5-кезең. Метаграммалар
6-кезең. “Тапқыр болсаң,тауып көр”
7-кезең. Ребустар әлемі
Жасырын сөзді тап.
Суретте көрсетілген санға сәйкес әріптерді таңдаңдар, табылған әріптерден құралған сөздерді жазыңдар.
СӘТТІЛІК:
Бүгінгі жарыста
Алға шық қалыспа!
Тілейміз сәттілік,
Сәттілікпен бастайық!
Тапсырмалар.
1. Жедел жауап
1. Қазақ әліпбиінде қанша әріп бар? (42)
2. Қыстырма сөздерді ата. (әрине,меніңше,сірә,оның ойынша т.б.)
3. Дауысты дыбыстар қалай бөлінеді? (жуан, жіңішке)
4. Зат есімнің сұрақтарын ата. (кім? не? кімдер? нелер?)
5.Сұраққа жауап болып келетін сөйлемнің түрін ата. (сұраулы сөйлем)
6. «Сұлу» сөзінің синонимі – (көрікті, әдемі, тамаша )
7. Абай атамыз айтқан 5 дос пен 5 дұшпанды ата (талап, еңбек,терең ой, қанағат, рахым;
Дұшпан-өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ)
8.16 желтоқсан қандай мереке? (Тәуелсіздік алған күн)
9. Абайдың шын аты кім? Ибраһим
10. Қазақтың үш биін ата. Төле, Әйтеке, Қазыбек
3 .Сөз болатын – мақал
«Сөз болатын-мақал» деп бұрынғылар айтқандай мақал-мәтелдер-ата-бабамыздан қалған өшпес мұра. Көлемі жағынан шағын болғанымен, уақыт өткен сайын мағынасы тереңдеп, құны артып, қымбат қазынаға айналып келеді. «Мақал-сөздің атасы»демекші сайысымызды жалғастырамыз
Мақал оқылады, сол мақалдың жалғасын табу керек
1. Өзге елде сұлтан болғанша,(Өз еліңде ұлтан бол!)
2. Ана сүті бой өсіреді, (Ана тілі ой өсіреді.)
3. Өз елім - ... (өлең төсегім).
4. Оқы да біл, (Ойна да күл.)
5. Ана – сүті бал, (бала – тілі бал)
6. Ел-елдің бәрі жақсы,... (өз елің бәрінен жақсы).
7.Отанды сүю (отбасынан басталады) 8.Жақсы байқап сөйлер, жаман ... (шайқап сөйлер).
9.Жыланның уы тісінде, Адамның уы ... (тілінде).
10.Тілге құрмет - ... (елге құрмет).
Меңзерде көрсеткен жолымен , мақалдарды оқы және жаз.ШШШШШ
3. Әзіл викторина
«Әзіл викторина»Әр сұрақтың дұрыс жауабы 1 фишкамен бағаланады.Әзіл викторина ойынын ойнайық.
1.Аңшы көлде жүзіп жүрген үйректерді бір оқпен атса, көлде неше үйрек қалады? (қалмайды, бәрі үркіп ұшып кетеді)
2.Түсі жасыл доп Сары теңізге құласа не болады? (су болады)
3.Жабық көзбен нені көруге болады? Түсті
4.Жаңбырдың кезінде кімнің шашы суланбайды? Тақырбас адамның
5. Тауық өзін құспын деп айта ала ма? Жоқ, ол сөйлей алмайды
6. Үш майшам жанып тұрды, екеуін сөндірсе нешеуі қалады? (екеуі, біреуі сөндірілмегесінжанып кетті).
7. Үш түйе ұшып келе жатыр . Аңшы олардың біреуін атып алады. Олардың қаншасы қалды ?(түйе құс ұшпайды )
8. Үстел үстінде үш стакан шие тұр. Марат бір стакан шиені жеп қойды. Неше стакан қалды
Жауабы: үш стакан
9. Аспанда бірнеше құс ұшып барады. Біреуі алдында, екеуі артында, біреуі артында, екеуі алдында, біреуі екеуінің ортасында. Барлығы неше құс ұшып барады? (3)
4-кезең Метаграммалар
«Ар» мен «ал»-ды қосқанда,
Судағы құрлықпын.
Алдына «М»-ны қосқанда,
Нудағы түлікпін./Арал-Марал/
"Қ"-дан бастап, аяқтасаң,
Бес әріпті думанмын.
"Қ" орнына "с" қойсаң,
Нүктелерді қосамын./Қызық-Сызық/
Жазда өсіп, піседі,
Дәмі тәбет ашады.
«Қ» орнына «Ж» қойсаң,
Көктен тамып түседі,
Жердің шаңын басады./Қауын – Жауы/
Піскен жеміс қосымын,
Құстың жақын досымын.
«К» орнына «Ж» жазсаң,
Жамбыл ата жасымын./Күз – Жүз/
«Т»-дан бастап оқысаң,
Төлі болам пырақтың.
«Т»-ны сызып тастасаң,
Көкте қалған орақпын./Тай – Ай/
Екі сөзден тұрады,
Құстың аты — құрамы.
Сызсаң егер «Бір» сөзін,
Ас пісірем, көр өзің./Бірқазан – Қазан/
Семантикалық картамен жұмыс белгілейміз
Сандар
Атаулар
|
6 |
0 |
8 |
4 |
5 |
Екі қоянның неше аяғы бар? |
|
|
|
|
|
Жылқының неше мүйізі бар |
|
|
|
|
|
Балықтың неше аяғы бар? |
|
|
|
|
|
Ұшбұрыштан 1 бұрышын қиып тастасақ неше бұрыш қалады? |
|
|
|
|
|
Ребустар әлемі
«Тіл жүйрікте кім жүйрік!» атты сайыстың жеңімпазы атанған оқушыны ортаға қол соғып, шақырайық.Сонымен қатар сайыста ерекше өнер көрсеткен оқушыларымызға да рақмет айтамыз. -Біздің тіліміз – ең қымбат мүлкіміз. Оны қорғау, қолдау, өркендету – біздің міндетіміз. Әр адам өз ана тілінің болашағына жауапты. Тәуелсіз еліміздің ертеңі – сендер өз тілдеріңнің мәртебесін жоғары көтереді деп сенеміз. О, адамдар, қадіріне жетіңдер! Ана тілің - анаң. Сыйлап өтіңдер! Туған тілін танымаған көрсоқыр, Болып өтер ертең мәңгі өкінер.«Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту - бүкіл ата - бабамыздың тарихын ұмыту»,- деген Бауыржан Момышұлы атамыз.Ана тілін құрметтеп, сүйе білейік. Бүгінгі ұрпақ ана тіліне жетік, білімді, мәдениетті болуы шарт.