"Ақмола облысы білім басқармасыңын Бұланды ауданы бойынша білім бөлімі Тоқтамыс ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Токтамыс отдела образования по Буландынскому району управления образования Акмолинской области

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Өзін –өзі тану пәні ашық іс-шара «Менің жүрегімдегі мейірімділік»

20.02.2017

Өзін –өзі тану пәні  ашық іс-шара

«Менің жүрегімдегі мейірімділік» 

   

Тақырып: «Менің жүрегімдегі мейірімділік» 

Құндылық: Сүйіспеншілік. 

Қасиеттер: Сыйластық,адалдық,мейірімділік,ізгілік. 

Мұғалiм: Баят.Г

Сынып- бастауыш сынып

Сабақ мақсаты: Оқушыларға өмірдің мәні мейірімділіктің не  екенін ұғындыру. 

Міндеттері: 

- Оқушыларға мейірімділік  ұғымының адам өміріндегі мәнін түсіндіру; 

-Балалардың бойындағы адалдық,мейірімділік,ізгілік

қасиеттерін дамыту; 

-оқушыларды өз

анасын,жақындарын,достарын,айналасындағы адамдарды риясыз мейірімділікпен  жақсы көруге тәрбиелеу. 

Ресурстар:слайд, маркер, буклет


Сабақ барысы: 

1. Ұйымдастыру кезеңi. /3 мин

Шаттық шеңбері ......   2 сынып №2

 

Видеоролик «Мейірім» 

/5  мин/


Мейірімділікті қалай көрсетуге болады?

Бұл жерде кім шексіз мейірімді?

Мейірімділік тек адамдарда ғана болама?

Сабақтың мақсатымен тақырыбымен танысу.

3  мин

«Менің 

жүрегімдегі мейірімділік»

Адамдар бір-біріне жылы сезімдерін

білдіріп, айналасындағыларға тек жақсылық ойлап, игілікті істер жасау арқылы

ғана мейірімділікті таныта алады. Адамдардың бір-біріне деген мейірім

шапағаты-әдептіліктің белгісі.

Мейірімділік — адамның өзге біреуге

жылылығын, ізгі ниеті мен лебізін білдіру көрінісі. Мейірімділік адамдар

арасындағы сыйластық, кең пейілділік, жанашырлық, ізгі ниет секілді қасиеттерге

негізделеді. Мейірімділік адамның жоғары адамгершілік белгісі ретінде оның

бүкіл тыныс-тіршілігін, жан дүниесін жадырататын, шат-шадыман тіршілігі үшін

қажетті аса маңызды қасиеттің бірі болып саналады. “ Мейірімділік, махаббат,

қайырымдылық, адалдық секілді ақ жүректен шығады” (Шәкерім).

 

Тақырып бойынша алғашқы әріптеріне  өлең немесе 

сөздер құрастыру.

5 мин 

Музыка  

М-мейірімді болсаң егер де

Е-елге қамқор боласың

Й-иманды болсаң егер де

І-ізгі істер жасасаң

Р-разы болар айналаң

І-ізгілік елге танытсаң

М-мақтан тұтар сені ел.

 

Дәйексөз мағынасын ашу /2  мин

Мейірімділік –жүректен

Мейірімсіздік –білектен

 

САХНАЛАУ /Музыка  10 мин

 

Мейірімділік туралы өсиет әңгіме

   

  

Тілеген:  Саудагер айналаны

бақылап, терезеге ұзақ қарап тұрды. Осы сәтте дүкенге сүйкімді бүлдіршін кіріп

келіп, сөредегі заттарға көз жүгіртті. Қаздай тізілген моншақтарды көргенде

көздері жайнай түсті. Арада біраз уақыт өткен соң қолын созып, көгілдір ақықтан

жасалған моншақты нұсқады.

Секамай

- Мұны әпкеме сыйлағым келеді. Оны маған

гүл суреті бар қағазға орап бересіз бе? –

Тілеген- деп сұрады бүлдіршін. Саудагер

көзі жәудіреген бүлдіршіннің ақшасы бар екеніне күмән танытып: -

 

Аллаберген

Сенің қанша ақшаң бар?

Тілеген

Бүлдіршін қалтасынан ақша ораған орамалын

алып, үстелдің үстіне бірнеше тиын қойды. –

 Секамай

Бұл жете ме? –

 

Тілеген

 Дауысынан үміт оты ұшқындай түсті. Бүлдіршін

ұсынған ақша моншақтың қорабына да жетпейтін еді.

Секамай

- Білесіз бе, мен сүйікті әпкеме сыйлық

жасағым келеді. Әпкем анамыз қайтыс болғалы бізге қарайлап келеді. Ол өзіне

мүлдем назар аудармайды. Бүгін оның туған күні. Мына моншақты сыйлағым келеді.

Ақықтың түсі көз әпекеме жақсы жарасады.

Тілеген

 -

деп бүлдіршін мақтана түсті. Саудагер бүлдіршіннің мына сөздерін естіп, жүрегі

елжірей түсті. Моншақты қаптамаға салып, сыртын лентамен байлады. –

Аллаберген Ала ғой, құлыным! Жолда абайлап

жүр. Жоғалтып алма,

Тілеген 

- деп моншақты ұсынды. Қуаныштан жүрегі жарылардай болған бүлдіршін

сыйлықты ала салысымен үйіне бет алды. Саудагердің жұмыс күні аяқталуға таяп

қалған кезде дүкенге жас бойжеткен кіріп келді. Бірден саудагердің үстелінің

үстіне моншақты, қаптаманы және лентаны бөлек-бөлек қойды.

Айдос- Бұл моншақ осы жерден

сатып алынды ма? Оның бағасы қанша? – деп сұрады

Аллаберген 

- А! –  - Мен кез келген бұйымымды

келісімді бағамен сатамын.

Айдос 

- Менің сіңілімнің бірнеше тиыны ғана бар болатын. Ал мына моншақ таза

ақықтан жасалған емес пе? Оның бағасы да қымбат болу керек. Мұны қалтамыз

көтермейді, -

Тілеген -деп ағынан жарылды бойжеткен.

Саудагердің жүзіне күлкі үйіріліп, бойжеткенге моншақты қайта ұсынды. - Ол ең

қымбат бағаны төледі. Қолында бардың барлығын берді. Ал мұны мына заманда

ересек адамдар да жасай алмас еді... Дүкеннің ішінде үнсіздік орнап, екі көзден

мөлтілдеп жас ағылды. Өзіміз бала тәрбиелейміз деп жүргенімізде сәбилердің

ұстаз болатын кездері бар. Жүрегі махаббат пен мейірімге толы сәбилерден

үйренеріміз көп.  

Айдос рахмет саған сіңілім!!!!!


«Аяқталмаған сөйлем»

тренингі 5 мин

1.Мейірімділік-бұл... /асыл қасиет

2.Мейірімді сөздер... / адамдар арасындағы сыйластық

3.Мейірімділік сезімі ғана дүниені../мейірімділікке

бөлейді.


(оқушылар сөйлемдерді өз

ойларымен аяқтайды) 

 

 Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.5 мин

 «Менің жүрегімдегі мейіімділік»  нелерді

теңер едіңдер гүл шоқтарынын суретін салып, жазыңдар  


(5 мин) 

 Топпен ән

айту.

Бала тілегі :сөзі С.Молдасынұлы .әні:Ф.

Жолдасова

 

 Соңғы

тыныштық сәтi. 2 мин

Олай болса балалар,

Көзімізді жұмып: өткен тақырыпты музыка

әуенімен елестету.

Балалар ,бүгін біз не жайлы

әңгімелестік?

Оқушыларды марапаттау

Просмотров: 1329

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст