Тақырыбы: Қазақша
сөйлеп үйренейік
Мақсаты: Оқушылардың ауызекі байланыстыра сөйлесу
дағдыларын, ойлау қабілеттерін
жетілдіру, жылдам және дұрыс шешім қабылдай білуге тәрбиелеу
Жабдығы:
интербелсенді тақта, ағаштан жасалған машина, қонжық, «жүрек»
Барысы:
Қайырлы күн,
балалар!
Бүгін біз сіздермен «Қазақша сөйлеп үйренейік»
атты сыныптан тыс іс-шараға жиналып отырмыз. Сайысқа әр
сыныптан екі оқушыдан қатысады.
Әркім көп ұпай жинап «Қазақ тілінің білгірі»
атағын жеңіп алуға тырысуы тиіс.
Сондықтан бар білімімізді
ортаға салайық. Алдымен,
сайыскерлерді ортаға шақырайық:
2-сыныптан: Исаков
Никита, Куприянов Совелий
3-сыныптан: Быков
Михаил, Грищенко Алаксандра
4-сыныптан: Жукова
Анастасия, Макаренко Анастасия
Құрметті сайыскерлер, сайысымызға қош келдіңіздер. Мен сіздерге сәттілік тілеймін. Сайыс ережесі бойынша сіздер әр
дұрыс жауаптарыңыз үшін бір-бір жетон
алып отырасыздар. Кім көп жетон жинаса, сол оқушы сайызымыздың жеңімпазы
болады.
Ал қалғанымыз сайыскерлерге жанкүйер боламыз.
Сайыскерлердің жауап бере алмаған сұрақтары болса, сіздер жауап беріп, ұпай
санын көбейтуіне көмектесулеріңізге болады. Сондықтан тапсырмаларды мұқият тыңдап отырыңыздар.
Сайыс
келесідей 6 кезеңнен
тұрады.
1-
кезең. «Бәйге»
2-
кезең.
«Суретті сөйлет»
3-
кезең.
«Ұйқасын тап»
4-
кезең.
«Артық сөзді тап»
5-
кезең
«Сандардан сөз құра»
6-
кезең
«Бір сөзден он
сөз»
Ендеше,
сайысымызды бастамас бұрын сайыскерлеріміз бір –біріне сәттілік тілеп өтсін. Мына жүректі бір біріңізге «Мен саған
денсаулық тілеймін, мен саған қуаныш тілеймін, ...» дей отырып беріп шығыңыздар.
Бірінші «Бәйге »
кезеңінде сайыскерлеріміз сұрақтарға
жауап береді. Сұрақтар өткен тақырыптар бойынша алынған. Дұрыстап ойланып жауап
беруге тырысамыз.
2-сыныпқа:
1. Сен неше
жастасың? 2. Сен нешінші
сыныпта оқисың?
2. Машина неден жасалған? 4. Ол қандай?
5. Мынау не? Ол
неден жасалған? 6. Сен
қолыңа не киесің?
3-сыныпқа
1.
Бүгін қай
күн? Ертең қай күн болады?
2. Қазір қандай мезгіл? Қыс айларын
ата.
3. Үй бөлмелерін атап шық?
4. Сағат неше? 12:00; 10: 30; 08:25; 12:40
5. Астана қайда орналасқан?
6. Сенің туған күнің қашан?
4-сыныпқа
1. Сенің сүйікті ісің қандай? 2. Сен үйде не істейсің?
3. Сүт тағамдарын ата? 4. Қазақстанның елбасы кім?
5. Тудың авторы
кім? 6. Астана
символы? Ол қай жылы салынды?
Екінші кезең «Суретті сөйлет» деп аталады.
Мына тақтада берілген суреттерді атап
беріңіздер
Үшінші кезең «Ұйқасын тап» 2-сыныпқа:
Язык – тіл Молоток- балға
Слон- .... Ворона-
......
Смех-
күлкі
Вопрос -сұрақ
Лиса- .....
Белый- ....
3-сыныпқа:
Народ- халық равный- тең
Рыба- .... широкий- .....
Храбрый- батыр Жди-- күт
Лежит-.... Молоко- .....
4-сыныпқа:
Мальчик- бала Вязать-тоқу
Город- ..... Учиться-...
.
Мечта- арман Звук-үн,
Лес-...... День-...
.
Төртінші
кезең:
«Артық сөзді тап» 2-сыныпқа:
Қасқыр Көйлек
Піл қолғап
Жылқы құлақшын
Керік қызылша
3-сыныпқа:
Пияз
балық
өрік
күнделік
қызылша
қант
қияр
жұмыртқа
4-сыныпқа:
Орман Наурыз
мерекесі
Бұлт Тәуелсіздік күні
Жел
Халықаралық әйелдер күні
Қала
Туған жер
Бесінші кезең . «Сандардан сөз
құра»
сөн+5............................. м+6.................................
7+сай .............................. 9+құмалақ .....................
жел+90............................ 50+бай............................
к+3+ік , ............................. тік+4+бұрыш,
...................
м+6,
................................... 7+сай ,
...............................
8+көз ,................................. қ+10+ақ , ...............................
6-кезең:
«Бір сөзден он
сөз» деп аталады.
«Қазақстан»
деген сөзден сөз
құрап жазыңыздар
Көрермендермен
ойын. Мына адасқан
әріптерден сөз құраңдар.
Борымад, еткемп,
Осымен
сайысымыз аяқталды. Енді сайыскерлеріміз жинаған жетондарын санап, жеңімпазымызды анықтайық!
Назарларыңызға
рахмет!
2,3,4- сыныптар аралығында қазақ тілінен өткен сыныптан
тыс іс-шараның талдауы
Гуманитарлық
пәндердің онкүндігі аясында жоспар бойынша 24-қаңтар күні 2,3,4-сыныптар
аралығында «Қазақша сөйлеп үйренейік »
атты сыныптан тыс іс-шара болып өтті.
Іс-шараның мақсаты оқушылардың ауызекі
байланыстыра сөйлесу дағдыларын, ойлау қабілеттерін жетілдіру, жылдам және дұрыс шешім қабылдай
білуге тәрбиелеу болды.
Сыныптан тыс-іс шараға әр сыныптан 2 оқушыдан қатысты:
2-сыныптан: Исаков
Никита, Куприянов Совелий
3-сыныптан: Быков
Михаил, Грищенко Алаксандра
4-сыныптан: Жукова
Анастасия, Макаренко Анастасия.
Сайыс келесідей
кезеңдерден тұрды:
1-
кезең. «Бәйге»- сұрақтарға жауап беру
2-
кезең.
«Суретті сөйлет»- интербелсенді
тақтадағы суретті атау
3-
кезең.
«Ұйқасын тап»- сөздің аудармасын табу.
М: язык-тіл, слон-...
4-
кезең.
«Артық сөзді тап», бір тақырыпқа
байланысты сөздер арасынан артық сөзді табу. М: қант, нан, қалам, балық
5-
кезең
«Сандардан сөз құра». Сандарға әріптерді қосып сөзді атау.
М: жел-90
6-
кезең
«Бір сөзден он
сөз» . «Қазақстан» сөзінен сөз
құрау. М: қазақ, сазан, таза, ат, ақ, ана, ата, сақ, астана, қан, қаз, аз, сан,
сақтан, Асан, ...
Сайыс өте тартымды өтті, қатысушылар аса
белсенділік танытты. Әсіресе, Быков Михаил,
Куприянов Совелий және Жукова Анастасия сияқты оқушылар сайыс барысында өздерінің жылдам ойлау, шешім қабылай алу дағдыларын
көрсетті. Әр сайыскер дұрыс жауаптары үшін жетондар алып отырды және сайыс
соңында жинаған жетондарының санына байланысты жеңімпаз анықталды.
Сайыс қорытындысы
бойынша Исаков Н-17, Куприянов С-17, Грищенко А-11, Быков М-27, Жукова А-19,
Макаренко А-12 жетон жинады.
«Қазақ
тілінің білгірі» атағына
сайыскерлер арасынан 3 «Б» сынып
оқушысы Быков Михаил
марапатталды.