"Ақмола облысы білім басқармасыңын Бұланды ауданы бойынша білім бөлімі Тоқтамыс ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Токтамыс отдела образования по Буландынскому району управления образования Акмолинской области

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ашық сабақ қазақ тілі Сабақтың тақырыбы:Түбір мен қосымшаның жазылуы 3- сынып

21.03.2017

Ашық сабақ қазақ

тілі

 

Сабақтың

тақырыбы:Түбір мен қосымшаның жазылуы   

3- сынып 

Мақсаты: 1. Түбір мен

қосымшаның жазылу жолдарын түсіндіру. Қосымша жалғанғанда түбір сөздің көп

ретте өзгермейтіндігін, түбір сөздің соңғы буынының жуан не жіңішке болып

келуіне қарай қосымшаның да жуан не жіңішке болып үйлесіп жалғанатынын

меңгерту.

2. Сөздер ойлату арқылы тілін, сөз қорын,

логикалық ойлау ,есте сақтау қабілеттерін дамыту.

3. Ұқыптылыққа, таза, әдемі жазуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Әдіс - тәсілі: Түсіндіру,  миға шабуыл», ребус, өздік, жұптық, топтық

жұмыс, сұрақ-жауап,

Көрнекілік: Суреттер, сызбалар, үлестірмелер,

слайд.

 

Психологиялық тренинг 

«Төбедегі сурет»   Оқушылар  

басына  кітантың үстіне  қағазды қойып , оған күлімдеген күннің суретін

салады.

 

Үй тапсырмасын тексеру,өткен сабақты қайталау, мысалдар

келтіру.

 

Түбір деген не?

-Сөздің одан әрі бөлінбейтін мағыналы

бөлігін түбір дейді. /оқу

Жұрнақ деген не?

-Сөз мағынасын өзгертетін қосымшаны жұрнақ

дейді./оқу+шы

Жалғау дегеніміз не?

-сөздің мағынасын өзгертпей, түбірге

жалғанатын қосымшаны жалғау дейміз.Жалғау сөзбен сөзді байланыстырады.

/оқушылар

 

Қызығушылықты ояту.  «Бал жинау» ойыны. Ойынның шарты: араларда жазылған

жұрнақтарды сәйкес келетін гүлге қондыру. Жұрнақтарды жалғағанда қандай сөздер

шықты? Бұл сөздерді туынды сөздер деп атаймыз. Себебі, жұрнақ арқылы бұл

сөздерден жаңа сөздер шықты.

 

Көркем жазу. 

У Уу ууу

Судың да сұрауы бар.

Жаңа сабақ. Сабақтың тақырыбын және

мақсатын хабарлау. Бағалау парағын үлестіру.

1-кезең .Өздік жұмысы

2-кезең .Жұптық жұмыс

3-кезең.Топтық жұмыс:

 

Дәптермен жұмыс ай , күнді, тақырыпты

жазу , оқулықтан тапсырмаларды орындау.

1-кезең .Өздік жұмысы

1-жаттығу . Жуан буынды сөздерді бір бөлек , жіңішке

буынды сөздерді бір бөлек жаз.Сөздің 

түбірі мен қосымсасын тап./тақтаға

ЖУАН                                                             

ЖІҢІШКЕ

Қуаныш, 

достар,  тауға                                      Көршілер,

теректер, үлгілі

 

ЕРЕЖЕ: Түбір 

сөздерге қосымша жалғанғанда көбінесе сөздің түбірі  өзгермейді.

Түбір сөзің сөңғы буыны жуан болса , оған  жалғанған қосымша да жуан болады .                                                       

М/ы: домбыра+лар, тақта+да.

Түбір сөздің соңғы буыны жіңішке болса , оған жалғанатын

қосымша да жіңішке болады.

М/Ы. Көше +де, терезе+де

2-жаттығу .Сөйлемдерді көшіріп жаз. Қарамен жазылған

сөздердің қосымшасы қандай буынды екенін айт.

Алматыда зергерлік

бұйымдар көрмесі ашылды. Пілдер-өмір

бойы аяғынан тік тұрумен өтетін жанауар.

 

4-жаттығу. Көп  

нүктенің орнына тиісті қосымшаларды 

қойып оқы.

Бала ............(-ның, нің) киімі ,    көл.... (дың, - дің) беті,     теңіз... 

(дың, -дің) балағы.

Көлік... (-қа,-ке) отыру,              тау...(-ға, -ег) көтерілу,        іні(-ға, ге) көмектесу.

 

Сергіту сәті

1.Жаңылтпашты жатқа айту

Кім сызғышсыз?

– Біз сызғышсызбыз.

– Сызғышсыздарға

Сызғышсыз сызғыз.

 

2). Мына әріптер айнаға қарағанды жақсы көреді екен. Неге

екенін тауып көрші.

Т М Х Ж Ф П Н А І Ү Ұ О Ө Ш

 

2-кезең .Жұптық жұмыс/

А)карточкамен

жұмыс, бір-бірін тексеру.

 

Қатар берілген түбір сөздерді қосымшалар

арқылы бір-бірімен байланыстыр.

тақта     жаз                              тақтаға жазды

кітап     бет                                кітаптың беті

дәптер     аш                             дәптерді  ашты

дала     ойна                              далада ойнады

3-кезең.Топтық жұмыс:       Санды

ребусты  шешу.

Жауабы :

Ұстаздан шәкірт озар

Бекіту тест

1.Туынды сөздерді көрсет.

а/жазушы,іскер,оқушы  

        ә/қой,ата,тау        б/жыр,құлақ,көл

2.Жазушы сөзіндегі –шы қандай қосымша?

а/ Жұрнақ              

ә/Жалғау                 б/Түбір

3. «Таға» қандай сөз?

а/ біріккен 

сөз                 ә/туынды

сөз                    б/түбір сөз

4.-шы,-ші жұрнақтарымен туынды сөз жасаңдар:

а/жыр,күй             

ә/тау,сән                        

б/көңіл,тәрбие

5.Түбір сөздерді табыңдар:

а/жұмыс,жұмыстар     

ә) жұмыс,ән 

 б/жұмыс,жұмысшы

6.( түбір+жұрнақ ) сызбаға сәйкес сөзді тап

а/ жаз             

ә/өнерпаз             б/балаға

7. (түбір+жұрнақ+қосымша ) сызбаға сәйкес сөзді тап

а/ оқушылар,    

ә/аспаз     б/қала

КІЛТІ: 1/а  , 2/а, 3/б, 4/а, 5/ә , 6/ә, 7/

Қорытынды:  бүгін сабақта не істедік? Не ұнады? Не

ұнамады?.

Үй жұмысын түсіндіру: бет 18 жаттығу 5

Өлеңді оқып, жуан буынды сөздерді теріп жазып, түбірі мен қосымшасын белгіле.

Бағалау баспалдағы бойынша өздерін бағалау

Просмотров: 3339


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст