"Ақмола облысы білім басқармасыңын Бұланды ауданы бойынша білім бөлімі Тоқтамыс ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Токтамыс отдела образования по Буландынскому району управления образования Акмолинской области

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қазақ тілі апталығына арналған «Тілдің мерейі –елдің мерейі» атты ойын сайысы (3-4 «Б»-сыныптар аралығында)

21.03.2017

Қазақ тілі апталығына арналған

«Тілдің мерейі

–елдің мерейі» атты  ойын сайысы

(3-4 «Б»-сыныптар

аралығында)


Сабақтың мақсаты: оқушыларды жан-жақты білімді

болуға үйрету . Білуге, үйренуге деген қызығушылығын арттыру.

Жарысуға, жарыста жеңімпаз болуға ұмтылу қасиеттерін

дамыту

Қазақ тілін – мемлекеттік тіл ретінде меңгерген

дарынды, озық көшбасшы болуға тәрбиелеу.

 

Тәрбиелік мәні:

мемлекеттік тілге деген қызығушылығын арттыру, өз тілін, жерін құрметтеуге

тәрбиелеу, халықтың асыл қазынасы ауыз әдебиетін ұрпақтан-ұрпаққа қалдырып,

мұра етуге үндеу.

Көрнекілігі: интербелсенді

тақта,ребустар,қима қағаздар, тіл туралы қанатты сөздер,суреттер

Өткізілу формасы: сайыс

Қатысушылар: мұғалімдер мен оқушылар

Жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті әріптестер мен оқушылар!

“Отаны бірдің – тілегі бір, жүрегі бір”деген жақсы сөз бар. “Жүзі басқа болса

да жүрегі бір, тілі басқа болса да тілегі бір, атасы басқа болса да Отаны бір”

қаншама ұлттар мен ұлыстардың басын біріктіріп отырған Қазақстан атты еліміз,

көп ұлтты өкілдері тұратын ел болуымыз – біздің байлығымыз, мақсатымыз.

Ел бірлігі - ең асыл қасиет.

Бірлігі берекелі, тірлігі мерекелі, ынтымағы жарасқан елдің ғана, ырысы мен

табысы мол болмақ. Бірлік, ынтымақ, сабырлық пен парасаттылық ең алдымен

өзімізге керек.

Н. Ә. Назарбаев

Тілсіз халық болмайды, халықсыз ел болмайды. Ол атадан балаға қалып отырған

баға жетпес мұра./ Н. Ә. Назарбаев

Бірлік жерде тірлік бар, тірлік жерде бірлік бар дегендей

«Тілдің мерейі –елдің мерейі»

атты іс - шарамызды бастаймыз.


Бәйгеге түсіп жарыспай,

Жүйріктің бағы жанар ма?

Білім мен өнер жарысып,

Кім жүйрік ойға-сол алда!

Психологиялық дайындық :

Сәттілік тілеу.

 

 

Мақсатымен таныстыру.

Бүгінгі ойынымыз сайыс түрінде өтеді   6

кезеңнен тұрады:.......

Топқа бөліну /2 топ

І«Алғырлар» тобы.

ІІ«Білгірлер» тобы.

1-кезең «Лездеме

жауап»

  

2- кезең.“ «Жұмабақтар »

3- кезең. “ Кім көп біледі?"

4- кезең «Сөздер

құрастыру »

 

5-кезең  «Ребус»

 6- кезең «Ертегілер елінде»

 

1-Кезең /  «Лездеме жауап»    

1. Тілдің ең кіші бөлшегі не?

(дыбыс) 

2. Дыбысты немен таңбалайды? (әріп) 

3.Қазақ әліпбиінде қанша дыбыс бар? (42) 

4.Орман

айлакері  . . .  (түлкі)

5.Бір жылда неше ай бар ?

6. Мәтінің  неше

түрі бар ?( 3 түрі)

7. Хабарлы

сөйлемнің соңына қандай тыныс белгісі қойылады? (нүкте)

8..Әліпбидегі 2-ші дыбыс

қандай дыбыс? (Ә)

9. ҚР конституция күні. ( 30 тамыз)

10.  Жыл мезгілдері (күз, қыс , көктем,

жаз)

 

2- кезең.“

«Жұмабақтар сайысы»   дұрыс жауапқа  2

ұпай

1.Ашылып, жабылады, 

Әр үйден табылады. (Есік) 

2Қобдиында қайырлы, 

Қазынаның бәрі бар. 

Тауыссаң көз майыңды, 

Қалағаның табылар. 

Жауабы:кітап 

3. Сағат

сайын қағылады,

Тек мектептен табылады.  

(Қоңырау)

 

4. Мектептiң

алтын орағы,

Зейiндiлер одағы.

Жақсы көрер бар бала,

Зерекке дос ол дағы.     (Бестiк)

 

5. Жұқа

тақтай бөлшегi,

Ұзындықтың өлшемi.  

(Сызғыш)

 

3-кезең.

“ Кім көп біледі?" сайысы  /Суреттерді екі тілде аудару /                            әр дұрыс жауапқа   3  ұпай

 

1.қалам-  ручка,   

2. күнделік-дневник,  3. қыс-зима.

1. тақта- доска,        2.

доп-мяч              3.гүлдер-цветы, 

  Cергіту сәті

4- кезең «Сөздер

құрастыру »   /Әр дұрыс жауапқа  4  ұпай

  сөн+5......................................

м+6........................................

7+сай ..................................

 9+құмалақ ...................... 

жел+90............................       50+бай..............................                          

  к+3+ік ,

.................................

тік+4+бұрыш, .......................

м+6,  ....................................

7+сай , ...............................

8+көз , .......................................

 қ+10+ақ ,

..............................
5-кезең  «Ребус»

сайысы . Дұрыс жауапқа  5 ұпай

Кітап  алма  

отын    қаз    домбыра             нан             /Кітап – алтын     қазына

  Елтаңба   құлын  

лақ      сыбызғы    50 /     

Ел құлағы елу

 

6-

кезең «Ертегілер елінде» Сұрақтарға жауап беру

/ топпен жұмыс

Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай

 

1.Ертегі қалай аталады ?/Аю мен

қояндар.

2.Аю қояндарға не істетті?/билетті

3.Не тергізді?/жидек

4.Не пісіртті?/ботқа

5.Ботқа жеуге не сұрады?/қасық

6.Қасық қандай болды?/кішкентай

7.Екінші қасық қандай болды?/үлкен

8.Аюға ботқа ұнады ма?/жоқ

9.Ботқада не көп болды?/тұз

10.Қояндар неге

кетті?/бостандыққа

  Қорытынды: «Тіл - достықтың құралы» дегендей, туған жер,туған

тіл адамға қандай ыстық, кандай қымбат.Әр ұлттар достығы мен тіліміз жасай

берсін! Осымен Қазақстан халықтарының тілдер күніне арналған мерекелік ойынымыз

аяқталды. Келесі кездескенше, қош сау болыңыздар!

Просмотров: 830


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст