Сынып сағаты
Тақырыбы: «Күзгі сый»
Мақсаты: Мектебімізде өткізіліп
жатқан «Күзгі сый» мерекесіне ұйым
шылдықпен қатыса отырып, күз-байлық,
күз-береке, күз-молшылдық,
күз-шаттық, күз-қуаныш екенін бала
санасына жеткізу.
өздеріне ерік бере отырып, ауызбіршілікке,
ынтымақтастыққа баулу.
Мерекеге сай безендірілген сынып. Әдемі
сазды әуен ойналып тұрады. Бүлдіршіндер тәрбиешімен бірге кіріп, орындықтарға
жайғасады. Балалардың қолдарында жапырақтар.
Тәрбиеші: Құрметті
қонақтар, ұстаздар! Бүгін мектепалды даярлық тобы балалары дайындаған «Күзгі
сый» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер.
Армысыздар, халайық,
Бармысыздар халайық!
Күзгі тойды жұп жазбай,
Келіңдер қарсы алайық!
- Қараңдаршы, бүгін біздің сыныбымыз
қандай әдемі болып кеткен. Қолымызға не ұстап келдік? - Жапырақтар.
- Осы жапырақтардың түсі қандай? - Сары.
(Сырттан бір дыбыс естіледі,желдің шуы) -
Балалар, тыңдаңыздаршы бұл не шу?
(Осы кезде әдемі әуенмен Күз ханшайымы
келеді.
Күз ханшайымы:
Сәлеметсіздер ме, балалар!
Балалар: Сәлеметсіз
бе! Күз ханшайымы:
Уа, халайық, дархан далам армысың,
Табиғатым жаны жайсаң тал мүсін
Ханшайымы Күздің бүгін келіп тұр,
Алмақ болып бар халқымның алғысын.
Мен – Күз ханшайымымын.
Сендерді көргеніме қуаныштымын.
Тәрбиеші: Қош келдің, Күз
ханшайымы! Төрлет!
Күз ханшайымы: Балалар,жұмбақ шешкенді
ұнатасыңдарма? Олай болса, мен сендерге жұмбақ жасырайын.
Ағайынды бәрі,
Шықса – жасыл,
Түссе – сары. Бұл не?
Балалар: Жапырақ деп өз жауаптарын айтады.
Күз ханшайымы: Дұрыс таптыңдар, жарайсыңдар!
Мен өзіммен алтын жапырақтарымды ала
келдім.
Әр жапырағымда сендерге арналған өте
қызыұты тапсырмаларым бар .
Егер де тапсырмамды орындасаңдар, менің де
сендерге деген сыйлығым бар.
Тәрбиеші: Әрине,
қымбатты Күзханшайымы! Біздің балалар Күз туралы өлең, тақпақ, жұмбақтар шеше
алады. Сіз жайланып отырып, балалардың өнерін тамашалаңыз.
Ән: «Күзгі әуен»
Бірінші тапсырмасы Күз ханшайымның - сұрақтар.
1-сұрақ: Күз мезгілі нешеге
бөлінеді? (Ерте Күз, алтын Күз, қара Күз)
2-сұрақ: Күз айларын ата. (Қыркүйек,
қазан, қараша )
Тәрбиеші: Ендеше ортаға Күз айларын шақырайық.
1-бала: (Қыркүйек)
Бірінші қыркүйек
Білімге бастады.
Мал мен аң жүр билеп,
Құс шарлап аспанды.
2-бала: (Қазан)
Жаңартқан ғаламды
Жаңбырлы ғажап ай
Осынау заманды
Орнатқан қазан ай.
3-бала: (Қараша)
Мол байлық тергені
Шаттығы қаншалық.
Қарашы, өрледі
Қараша ән салып.
Ән: Аспандияр « Жомарт күз»
Тәрбиеші: Мінеки,
балалар Күз айларымен таныстыңдар.
Тәрбиеші: Күз ханшайымы, балалардың өнерлері
ұнады ма?
Күз ханшайымы: Иә, балалардың бәрі өнерлі екен.
Тәрбиеші: Қане,
балалар, осындай молшылық
Күз айында бір ойын ойнап жіберейік.
Ол ойын «Кім жылдам?» деп аталады.
Ойын шарты бойынша ұлдар бір себетке
көкөністерді жинайды, ал қыздар екінші себетке жемістер жинайды.
Тәрбиеші: Күз ханшайымы, балалардың ойынына
баға беріңіз.
Күз ханшайымы: Жарайсыңдар, балалар!
Көкөністер мен жемістерді дұрыс ажыратып
жинадыңдар.
Енді екінші тапсырмамды тыңдаңдар, жұмбақ
шешу.
2-тапсырма
1.Жазда інге тығылып,
Жатқан қызыл түлкіні
Құйрығынан суырып,
Әкелді әжем бір күні.Бұл не? (Сәбіз)
2. Жайлы, жұмсақ төсегім,
Домаланып өсемін
Қабат-қабат тоным бар
Қалай оны шешемін.
Бұл не? (Орамжапырақ)
3. Қалың киім ұнатады,
Шешіндірсең жылатады. Бұл не?(Пияз)
4. Аспай піскен, қайнамай түскен. (Жеміс)
Күз ханшайымы: Жарайсыңдар, балалар!Жұмбақты да шеше алдыңдар жарайсыңдар.
Би: « Күзгі жаңбыр»
Тәрбиеші:
Берекесін сыйлауға
Өлкемізге Күз келді.
Жемістерін жинауға
Шақырады біздерді.
Жемістерді қарсы алайық.
(Осы кезде әуен ойналады. Ортаға жемістер
шығады.)
1-бала: (Алмұрт)
Мен алмұртпын, алмұртпын,
Аузындамын бар жұрттын.
2-бала: (Алма)
Мен алмамын, алмамын,
Таңдай жұлар бар дәмім.
3-бала: (Анар) Бұтақтан үзілген
Жарылса анармын
Моншақтай тізілген,
Дәндерін аламын.
4-бала: (Жүзім)
Мен жүзіммін, жүзіммін
Моншақ болып тізілдім.
5-бала: (Өрік)
Өрікпін, мен өрікпін,
Бау-бақшаға көрікпін
Баптап мені күткен соң,
Талды бойлап өріппін.
6-бала: (Шие) Мен шиемін, шиемін,
Күннің көзін сүйемін.
Қышқыл шырын менде бар,
Төмен бас иемін.
Ән: «Күз жомарт»
Күз ханшайымы:
Өте тамаша,балалар!
Қазір менімен ойын ойнайсыңдар ма?
Бұл ойын «Қай жеміс?» деп аталады.
Көздеріңді жұмып,жемісті жеп,қай жеміс
екенін айтасыңдар
.(Бір ыдыста туралған әр түрлі жемістер)
Үшінші тапсырма
Тәрбиеші:-Енді,Күз ханшайымның үшінші тапсырмасын
орындайық.
«Би билейік бұралып».
Қолшатыр биі .
Күз ханшайымы: Рахмет, балалар! Өнершіл - өрендерім!
Міне, менің сыйлығым бір себет «Күзгі
сый».
Сендерге денсаулық, шаттық және байлық
әкелсін.
Тәрбиеші: Күз
ханшайымы, саған мың алғыс!
Бүгінгі сыйлығына рахмет . Бізге тағы кел,
біз сені сағына күтеміз.
Күз ханшайымы:
Берекелі бақ дәулет
Артта түссін тойланып.
Сау болыңдар, балалар,
Келгенше жыл айланып.
(Осы кезде әуен ойналады, Күз ханшайымы
қоштасып кетеді)
Қош бол,Күз ханшайымы.
Тәрбиеші:
Күздің кереметі, байлығы өте көп.
Күзде біздің дастарханымыз дәнді
дақылдарға, көкөністерге,
жеміс-жидектерге толы болады, бірақ осы
байлыққа жету үшін көп еңбек ету керек. Сондықтан сендер еңбекшіл болыңдар.
Міне, балалар осымен «Күзгі сый» атты
ертеңгілігіміз аяқталды.
Сіздерді Күз мерекесімен құттықтаймын, әр
отбасыларыңызға бақыт,
береке тілеймін.
Шашу шашылып, мереке өз мәресіне жетеді.
Сау болыңыздар!
Орындаған
мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі:Доматай М.