Сыныптан тыс сабақ:
Сабақтың тақырыбы: Мен өмірді сүйемін!
Мақсаты:Оқушылардың өмір туралы көзқарастарын анықтау және өмірді қалай сүйетіндерін байқау; қызығушылығын арттыра отырып, ойланып-толғануға, ойын ашық айтуға өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс жасауға мүмкіндік беру.
Міндеті: - Оқушылардың эмоционалдық көңіл-күйін жақсарту; - оқушыларды өз өмірінің мәнін түсіне білуге,рухани өсуге және жақсы мен жаманның аражігін ажырата отырып,өмірлік айқындамасын белгілей білуге үйрету; - Оқушыларды өз өміріне, өз сөзі, ойы және әрекетіне мұқият болуға тәрбиелеу; - Оқушылардың ойын ашу, өмірге деген жағымды көзқарасын қалыптастыру.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, плакаттар, түрлі түсті қағаздар, слайд , видеролик
Сабақтың әдісі: Сыныптан тыс жұмыс, СТО технология элементтері
Сабақтың барысы:
І. Психологиялық ойындар «Менің көңіл-күйім» жаттығуы
ІІ. Ребус шешіп, тақырыппен танысу.
ІІІ. «Шаттық шеңбері» (өмір ережесі)
ІV. Сұрақ жауап
V. «Өмір, қымбатсың маған!(бейне ролик) Ник .Вуйчич
VІ. Шығармашылық жұмыс «Араласып кеткен оқиға» стратегиясы.
VІI. Сандық құпиясы:
VIІI.Қортынды:сурет салу ,сабақта не қатты ұнады ішіне жазу.
Ұйымдастыру: Сәлемдесу
1. Психологиялық ойын «Менің көңіл-күйім» жаттығуы
2. Ребус шешіп, тақырыппен танысу
3.Шаттық шеңберінде өміршеңдік ережесін түзу
*Өмір – сенің мүмкіндігің, пайдалана біл;
*Өмір – сұлулық, сүйсіне біл;
*Өмір – арман, жүзеге асыр;
*Өмір – парыз ,орындай біл;
*Өмір – ойын, ойнай біл;
*Өмір – байлық, бағалай біл;
*Өмір – махаббат, ләззат ала біл;
*Өмір – құпия ,сырын аш;
*Өмір – қайғы , көтере біл;
*Өмір – күрес, жеңе біл;
*Өмір – бақыт, баянды ет;
*Бәрі сенің қолыңда;
Өмір деген – екі өзен.
Мұң –қуаныш, Толқыны: Шындық-жалған, Күлкі-Намыс. Өмір деген тұрмайды қап-қарадан. Өмір деген тұрады ақ-қарадан.
4. Мақсаты:Кіріспе сөз.Бүгінгі сыныптан тыс сабағымыздың тақырыбы «Мен өмірді сүйемін!». Әрбір адам - өмірге келген қонақ. Өмір өте мәнді, мағыналы, мазмұнды өтуі үшін «қамшының ғанасабындай қысқа» өмірде адамдардың бір - бірімен сыйластықта болуы керек. Жан – жағымызға мұқият қарасақ, айналамызда күйбең тіршілік жүріп жатыр. Адамдар еңбек етуде, жұмысқа бара жатады, жұмыстан қайтып жатады. Демалады, қонаққа барады, алға қойған мақсаттарына жетіп, басқа бірмақсаттар қойып жатады. Кейбіреулер болса қайғы - мұңды бастарынан өткеріп жатады. Ал, кейбіреулерне үшін өмір сүріп жүргендерін, қиындықтардан қалай құтылу керектігін білмей өмірден түңіліп жатады. Бұл - өмір. Қақтығыстары мен қиындықтары көп осынау өмірде адамдар бір – біріне және өздерінемейіріммен қарап, ізгі ниетпен жақсылық жасай білу керек. Сол қиындықтарды жеңу жолдарын іздеп,алға қойған мақсаттарына жете білулері әркімнің өзіне байланысты. Олай болса, осы өзіміз таңдаған өмірімізде мәнді де, мағыналы өмір сүру әрқайсысымыздың өз қолымызда. Бүгінгі сыныптан тыс сабақ барысында өзіміз сүріп жатқан өмірді танимыз, өзімізді танимыз депойлаймын.
5. Сұрақ жауап
6. «Өмір, қымбатсың маған!( Видеролик ) Ник .Вуйчич
Ол 1982 жылы 4 желтоқсанда Америкада дүниеге келген. Ни́к Вуйчич
Қызметі: ақын, ағартушы, философ, композитор, саяси қайраткер
СҰРАҚ:
1.Біз нені бағалауымыз керек ?
2. Біздің қолымыздан не келеді?
7. Шығармашылық жұмыс :заңдылығына сәйкес сөздерді жаз. Мысалы :дәрігер-аурухана, мұғалім-мектеп, құс –аспан, балық-су, күз-жаңбыр, қыс-қар, күндіз –күн, түнде –ай.
«Араласып кеткен оқиға» стратегиясы. Шашыранды түрде араласып кеткен мәтін беріледі. Сол бөлшектерден мәтін құрастыру/топпен жұмыс
Аңыз әңгіме.
Екі қасқыр
Ерте ерте ертеде бір қария немересіне өзі түйген өмір шындығын ашыпты:
– Әр адамның ішінде жемтікке таласқан екі көкжал қасқыр сияқты талас жүріп жатады. Бірі – жамандық, қызғаныш, көре алмаушылық, өзімшілдік, қара ниет, өтірікті білдіреді. Екіншісі – жақсылық; махаббат пен мейірімділік, сенім мен үміт, шындық пен ақиқат, ақ ниетті білдіреді. Атасының айтқанын ұйып тыңдап отырған немересі ойланып қалады да:
– Ата, соңында қайсысы жеңіп шығады? – деп сұрайды. Атасы мырс етіп күледі де:
– Қайсысына көбірек көңіл беріп, асырасың, сол жеңеді, – деп жауап берген екен.\оқушылар дұрыс жауаппен салыстырып оқиды.
8. Қортынды:сурет салу .
9.Сандық құпиясы:/ Өмірдегі ең қымбат жан!