"Ақмола облысы білім басқармасыңын Бұланды ауданы бойынша білім бөлімі Тоқтамыс ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Токтамыс отдела образования по Буландынскому району управления образования Акмолинской области

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Наурыз мейрамын тойлау тұжырымдамасын бекіту туралы

24.06.2021 Құрметті оқушылар! Наурыз — көктем мен жаңару мейрамы, табиғаттың оянып, айнала жаңарып, жаңа армандар келетін мөлдір кезең. Біз сіздерді осындай тамаша көктем мерекесімен құттықтаймыз. Көктемнің әрбір күні, күннің әрбір шуағы Сіздің үйіңізге бақыт пен шаттық әкелсін. Қазақстан әз Наурыз мерекесін үкімет бекіткен тұжырымдамаға сәйкес, 10 күн тойлауы Мәдениет және спорт министрлігі Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, "Наурыз мейрамын тойлау тұжырымдамасын бекіту туралы" үкімет қаулысының жобасын әзірлеп, оны "Ашық НҚА" порталына жүктеді. Жобада Наурыз мейрамын тойлауға байланысты іс-шараларды 10-24 наурыз аралығында 10 күн бойына өткізу жоспарланғаны көрсетілген. Тұжырымдаманы іске асырудың тетіктері келесідей болады: 14 наурыз – "Көрісу күні" 15 наурыз – "Жайлау күні" 16 наурыз – "Шежіре күні" 17 наурыз – "Тарихқа тағзым күні" 18 наурыз – "Игі істер күні" 19 наурыз – "Шымырлық пен шеберлік күні" 20 наурыз – "Зияткерлік күні" 21 наурыз – "Ұлттық тағамдар күні" 22 наурыз – "Ұлыстың ұлы күні" 23 наурыз – "Жоралғы күні" Наурыз - яғни Жаңа жыл! Наурыз айының 22 - інде күн мен түн теңеледі. Адамдар бір - бірін мерекемен құттықтайды. Жеті түрлі тағамнан наурыз көже пісіреді. Үлкен кісілер ақ тілек айтып, бата береді. Осы қуанышты күн, жаңа жылдарыңыз құтты болсын халайық. Ұлыстың Ұлы күні аталған Наурызда еңбектеріңіз өнімді, тілектеріңіз қабыл боп, ескі ауыртпалықтарыңыз ескі жылда кетіп, жаңа жылда жаңа үміт, жаңа тіршілікпен, осы Ұлыстың Ұлы күнінде елімізге, жерімізге Наурызымыз есігін қуанышпен ашсын. Әр шаңыраққа береке, бірлік, мәртебе келсін! Барлық жақсы ниет - тілектеріңіз қабыл болсын! «Ұлыс күні қазан толса, ол жылы ақ мол болар, Ұлы кісіден бата алса, сонда олжалы жол болар» деп нақыл айтып, ауыл арасын ауыз бірлікке, татулыққа, ынтымаққа шақыратын. Жыл басы - Наурыз күні айтылған бұл тілектер ақ болып, толық орындалады деп ырым ететін 14 наурыз – "Көрісу күні" 14 наурыз - Көрісу мейрамы, амал мерекесі. Көрісу күнінде халық қыстан аман - есен шыққанына қуанып, бір - бірімен қол алысады. Бұл күні барлық өкпе - реніш ұмытылып, кешіріледі. Таң сібірлеп атысымен, көрісу мерекесін асыға күтіп отырған әрбір отбасы алдын ала дайындалып қойған дастарханын жаяды. Міндетті түрде бауырсақ пісіріп, дастарханға тәттісін үйіп қояды. Отбасының кішілері үлкендеріне қос қолын беріп, көрісіп шығады. Бір – біріне «Бір жасыңмен!» дейді. Ол «Бір жасқа есеюіңмен! Осы жылға аман - есен жетуіңмен!» дегенді білдіреді. Содан кейін әр отбасы көршілерімен көріседі. Жасы кіші отбасы мүшелері жасы үлкен жанұяларға кіріп, көрісіп шығады 15 наурыз – "Жайлау күні" Табиғаттың өзі тамаша күйге енетін, адамдарға жайдарлы көңіл күй сыйлайтын Наурыз мерекесінің өзіндік ерекшелігі бар. Ұлыстың ұлы күнінде ел-жұрт бірімен-бірі емін-еркін әңгіме құрып, үлкендер қауқылдасып жататын. Осынау айтулы күндерді айрықша атап өту мақсатында биыл 15 наурыз «Жайлау күні» деп бекітілген еді. Бұрын сәуір айында ел-жұрт жаппай сенбілікке шығатын. Әркім өзінің ауласын, айналасын жинастырып, тазалайтын. 16 наурыз – "Шежіре күні" Шежіре күні отбасының, ел-жұрттың, жеті атаның тарихы айтылып, шежіресі таратылады. Сонымен қатар, жұртшылық мал сойып, өмірден озған ата-бабаларына құран бағыштайды. Әр отбасының үлкендері өмірден өткен ата-бабаларының, ағайын-бауырдың жақсы істерін, қуанышты сәттерін кейінгі ұрпаққа әңгімелеп береді. Елдің, өлкенің тарихы, ерлігі баяндалады 17 наурыз – "Тарихқа тағзым күні" мeктeпке дейінгі және мектеп жасындағы балалардың caнacынa ұлттық құндылықтapды ciңipу, оларды ұлттық pухпeн тәpбиeлеу, сондай-ақ тарихын білуіне, eлiнe, жеріне дeгeн cүйicпeншiлікті apттыру мақсатында ұлттық, тapихи, өлкетану...... 18 наурыз – "Игі істер күн і" «Басқаға қуаныш сыйлай білген – ең бақытты жан» деген екен Дени Дидро. Волонтер болу дегеніміз айналаңа риясыз мейірімділік көрсету, жаңа дағдыларға үйреніп, адамдарға жақсылық жасау. Тағдырына налыған мүмкіндігі шектеулі жандарға қызықты да əсерлі істер мен оқиғалардың ортасында болуға көмектесу. Қиын жағдайға тап болған адамның жанынан табылып, сүйеу бола білу деген сөз. Волонтерлер кез келген қоғамдық мәселеге араласа алады. Бастысы барлық қызмет тегін. Бәрі де еріктілердің жүрек қалауымен орындалады. Бұл екінің-бірінің қолынан келмейтін сауапты да жауапты іс 19 наурыз – "Шымырлық пен шеберлік күні" Бұл күні қазақтың ұлттың ойындары өте көп ойналады. Арқан тартыс, кір тасын көтеру, қазақ күресі, аударыспақ, көкпар осының барлығы да жыл сайын Наурыз мерекесінің құрметіне ұйымдастырылады. Қазақта 150-ге тарта ұлттық ойындар бар. Көкпар, Аударыспақ, Қыз қуу, Күрес, Ақ сүйек , Сақина салу, Алты бақан, Тоғыз құмалақ, Асық ойыны, Ақсақ қарға,Аңшылар (ойын), Батырлар жекпе-жегі (ойын),Белбеу тастау,Бес тас (ойын),Ептілік (ойын),Есімде (ойын),Жануарлар қалай үндейді (ойын) Жапалақтар мен қарлығаштар (ойын),Жасырынбақ,Жаяу жарыс,Инемді тап,Кім жылдам?, Көген тартыс,Орамал тастау,Ордағы қасқыр,Тақия тастамақ,Тепе-теңдік (ойын),Түйілген орамал,Хан ату,Хан талапай,0Қазақ күресі,Қуалап соқ (ойын),Қыз қуар,Ұшты-ұшты 20 наурыз – "Зияткерлік күні" Қазақ халқында балалардың ой-санасын жетілдіру, зияткерлік қабілетін дамытуда ауыз әдебиетінің алар орны ерекше. Батырлар жыры балаларды Отансүйгіштікке, адалдыққа, ерлікке тәрбиелесе, шешендік өнер табан астында сөз тауып айтуға, аталы сөзге тоқтауға үйретеді. Ал мақал мен мәтелдің орны тіптен ерекше. Мақал-мәтел арқылы бала тоқсан ауыз сөзді тобықтай түйінге сыйдыруды, өткеннен сабақ алуға машықтанады. Жаңылтпаш жаттаған баланың тілі жаттығып, есте сақтау қабілеті артып, топтың алдында еркін сөйлейтін болады. Ал жұмбақ жасырып, оны табу немесе ойдан жұмбақ құрастыру арқылы жеткіншектің қиялы өсіп, табиғат тылсымдарын ой елегінен өткізуге дағдыланады. Мақалдар Ақ мол болсын, ............... Сәуір болмай, ................ Көктем туа Наурыз келер ............... Жұмбақтар Қар мұз еріп, су көбейіп, Сай салаға толады. Бүршік жарып, жарық ашып, Гүл бәйшешек басады. / *** Атасы мен анасы, Үш жүз алпыс бес баласы, Он екі ауыл шамасы, Отыз ор дуадақ, Бес сан балақ, Елу екі қарақшы. (Шешуі:күндіз бен түн, жыл тәуліктері, жылдың айлары, айдың күндері, жыл соңында артық қалып "бес қонақ" деп аталатын бес тәулік, жыл ішіндегі апталар). 21 наурыз – "Ұлттық тағамдар күні" Қазақ халқы ежелден табиғи өнімдерді тұтынған. Таза тағамдардың адам денсаулығына өте пайдалы екендігін де ерте бастан түсінген. Мал шаруашылығын қолға алып, төрт түлікпен біте қайнасқан бабаларымыз әсіресе малдың еті мен сүтінен өте көп тағам түрлерін дайындаған. Наурыз думанын кең көлемде тойлауға арналған биылғы жылдың күнтізбесіне енген Ұлттық тағамдар күнінде төл тағамдарымыз молынан жасалуы тиіс. Сонымен қатар ұмыт болып бара жатқан кейбір тамақ түрлері дәл осы күні жаңғыруы қажет. Әсіресе, төрт түліктің сүтінен жасалатын тағамдардың орны ерекше. Олар бірыңғай денсаулыққа пайдалы дәрумендерден түзілген табиғи өнімдер. Мысалы құрттың құрамында адам денсаулығына пайдалы дәрумендер бар екенінен хабардармыз. Ал кептірілген, қатты құртты жастайынан жеген баланың тісі берік болатынын екінің бірі біле бермейді. Қатты құрт тістердің қызылиектегі түбірін бекіте түсіп, оларды бұзылудан ұзақ уақытқа сақтайды. Ұлттық тағамдар күнінде аталарымыздан мирас болып қалған дәмі тіл үйіретін тағамдарды бірге насихаттайық! 22 наурыз – "Ұлыстың ұлы күні" «Ұлыс күні қазан толса, ол жылы ақ мол болар, Ұлы кісіден бата алса, сонда олжалы жол болар» деп нақыл айтып, ауыл арасын ауыз бірлікке, татулыққа, ынтымаққа шақыратын. Жыл басы - Наурыз күні айтылған бұл тілектер ақ болып, толық орындалады деп ырым ететін Наурыз бата/Төлеген Серікбол Сұрасаң бата берейін, Бата Ұлысың оң болсын, Ақ мол болсын, Қайда барса да жол болсын! Ұлыс бақты болсын, Төрт түлік ақты болсын! Ұлыс береке берсін, Бәле-жала жерге енсін! Ұлы халқым тоқ болсын, Көйлектерің көк болсын! Қайғы уайым жоқ болсын, Қуаныштарың көп болсын! 23 наурыз – "Жоралғы күні" Жоралғы – қазақ халқының ұлттық әдет-ғұрпындағы кәделердің бір түрі; жасы үлкен адамдарға, ағайын-туыстарға немесе сыйлы қонақтарға қалыптасқан дәстүрлерге сай көрсетілетін құрмет, берілетін сый-сияпат. “Жоралғысыз жол болмайды” деп түсінген қазақ халқы ата-бабалар дәстүрін шамасы жеткенше орындауға тырысқан
Просмотров: 406


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст