"Ақмола облысы білім басқармасыңын Бұланды ауданы бойынша білім бөлімі Тоқтамыс ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Токтамыс отдела образования по Буландынскому району управления образования Акмолинской области

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2024 жыл бойынша мемлекеттік қызмет көрсету бойынша есеп

28.02.2025

" Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімі Тоқтамыс ауылының жалпы білім беретін мектебі " КММ Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 4 мамырдағы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы"заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік орган болып табылады.

Мемлекеттік мекеме 8 мемлекеттік қызмет көрсетеді:

1. "Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау".

Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық, қағаз түрінде.

2024 жылы 12 қызмет көрсетілді

 

2" Білім алушыларға қаржылық және материалдық көмек көрсету ".

Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны — қағаз түрінде.

2024 жылы мемлекеттік орган арқылы 4 қызмет көрсетілді.

 

3. "Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну".

Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны – электрондық және (немесе) қағаз түрінде.

2024 жылы 35 қызмет көрсетілді

 

4 "Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру".

Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық, қағаз түрінде.

2024 жылы мемлекеттік корпорация арқылы — 7 қызмет көрсетілді.

 

5. Балаларды жалпы білім беретін оқу орындары арасында ауыстыру үшін құжаттар қабылдау

Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық, қағаз түрінде.

2024 жылы 4 қызмет көрсетілді

6. " Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлеріне және оларға теңестірілген тұлғаларына біліктілік санаттарын беруге (растауға) аттестаттаудан өту үшін құжаттарды қабылдау"

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет тегін негізде көрсетіледі

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны- электрондық, қағаз түрінде.

2024 жылы 0 қызмет көрсетілді

 

7. "Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кері қарай үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну"

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет тегін негізде көрсетіледі

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны-қағаз түрінде

2024 жылы 9 қызмет көрсетілді

 8. "Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау"

Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны — қағаз түрінде.

2024 жылы мемлекеттік орган арқылы 7 қызмет көрсетілді.

 

 

2024 жылдың  1 қаңтардан және  31 желтоқсанға дейін " Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімі Тоқтамыс ауылының жалпы білім беретін мектебі» " коммуналдық мемлекеттік мекемесіне қызмет алушылар тарапынан шағымдар түскен жоқ.

 

Байланыс ақпараты:

Тоқтамыс ауылы, Садовая көшесі 10, " Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімі Тоқтамыс ауылының жалпы білім беретін   мектебі " КММ, телефон нөмірі  32-6-96. Қабылдау демалыс және мереке күндерінен басқа  жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін жүзеге асырылады.

Просмотров: 121


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст