Тақырыбы: "Мейірімділік – асыл қасиет"
Құндылық: Сүйіспеншілік.
Қасиеттері: қайырымдылық,адамгершілік,мейірімділік,кішіпейілдік.
Мұғалім: Баят.Г 4 «А» сынып
Сабақтың мақсаты: Балалардың «мейірімділік», «қайырымыдылық», «құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері: -мейірімділіктің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру; -өзара сыйластық қарым қатынастарын дамыту; -мейірбандылыққа тәрбиелеу;
Оқулық,дәптер, Үнтаспалар,слайд.
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңi.
Шаттық шеңбері ...
Мейірімділік-асыл қасиетіміз,
Жүректегі таза ақ ниетіміз.
Жан дүние кілті,
Шаттық пенен күлкі.
Биік ұстап соны,
Қадірлейік біз!
Кіріспе (әңгіме)
- Мейірімділікті қалай көрсетуге болады?
- Өздеріңе мейірімділік көрсеткен кезде қандай сезімге бөлендіңдер?
- Жақсы көретін жан - жануарларың бар ма?
- Табиғатқа қамқорлық жасаған кездерің болды ма?
Мәтінмен жұмыс
Мейірімділік туралы аяқталмаған мәтін беріледі.
Мейірімді бала
Қытай жерінде біреудің затын ұрлаған кісінің қолын кесетін ескі заң бар. Бірде бір төре ұрлық жасап, кінәлі болады. Патша әлгі төренің қолын кесу туралы бұйрық береді. Сонда патшаға, төренің жас қызы әкесі үшін жауап бермекші,- деген хабар келеді. Қызды патшаға алып келеді.
- Тақсыр патшам, - дейді қыз
/ Мәтінді аяқтау тапсырылады./
өзінің қолын көрсетіп. Бұл қол да – менің жазықты болған әкемнің қолы. Бірақ бұл қолмен бала-шағасын асырауға шамасы келмейді. Тақсыр, осы нашар қолды кесіп, жұмысқа жарамды, бала-шағасын асырайтын қолын әкеме қалдыруға бұйрық беріңіз.
Патша қыздың әкесіне деген мұнша мейірімділігіне рақымы келіп, төренің күнәсін кешіпті.
Тақырып бойынша алғашқы әріптеріне өлең немесе сөздер құрастыру.(әуен)
М-мейірімді болсаң егер де
Е-елге қамқор боласың
Й-иманды болсаң егер де
І-ізгі істер жасасаң
Р-разы болар айналаң
І-ізгілік елге танытсаң
М-мақтан тұтар сені ел.
Дәйексөз мағынасын ашу /
Мейірімділік –жүректен
Мейірімсіздік –білектен
Тапсырма:«Кім және не мейірімді?» түсіп қалған сөздерді орнына қою керек. (баяу музыка ойнап тұрады)
Күлімдеген .... мейірімді. (күн)
Кіршіксіз ақ .... мейірімді! (қар)
Таза мөлдір.... мейірімді! (су)
Бәрімізді көтеріп түрған .... мейірімді! (жер)
Аяулы .... мейірімді! (анам)
Қадірлі .... мейірімді! (әкем)
Әлпештеген .... мейірімді! (әжем)
Еркелеткен .... мейірімді! (атам)
Жылы жүзді .... мейірімді! (ұстазым)
Тату-тәтті .... мейірімді! (достарым)
Шығармашылық жұмыс:
«Менің жүрегімдегі мейіімділік» нелерді теңер едіңдер гүл шоқтарынын суретін салып, жазыңдар
Топпен ән айту.
Бала тілегі :сөзі С.Молдасынұлы .әні:Ф. Жолдасова
Соңғы тыныштық сәтi.
Олай болса балалар,
Көзімізді жұмып: өткен тақырыпты музыка әуенімен елестету.
Балалар ,бүгін біз не жайлы
әңгімелестік?