КММ «Тоқтамыс орта мектебі» «Өзін-өзі тану» пәні бойынша 1-12 ақпан аралығында онкүндік өткізілді.
Онкүндіктің мақсаты:
құндылық бағдарларын қалыптастыру, шығармашылық әлеуетті дамыту, шығармашылық қызметте өзін - өзі көрсетуге, жеке қасиеттерін, азаматтық ұстанымын көрсетуге, өзін-өзі жетілдіруге және өзін-өзі тануға ұмтылу арқылы балалар мен жасөспірімдерге рухани-адамгершілік білім беру.
Онкүндік барысында әр түрлі іс-шаралар өткізілді: онкүндіктің ашылу салтанаты автордың бағдарламасы бойынша «Мейірім төгетін ана» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Өзін -өзі тану пәні бойынша ашық сабақтар өткізілді "Махаббат-жер бетіндегі тіршіліктің негізі", "Сүйуді үйренеміз", "Махаббат үшін өмір" атты жалпыреспубликалық өзін-өзі тану сабағы, акция "Қыста құстарды тамақтандырыңыз!, "Отбасы – адамгершілік пен руханияттың қайнар көзі" тақырыбында ата-аналармен жұмыс, "Махаббатқа толы жүрек"өлеңдерінің мәнерлеп айту сайысы ұйымдастырылды.
Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі: Тоқтамыс орта мектебінің мұғалімі Логунова Л.А.